Азия чемпионаты: Тоғыз қызымыз финалда!

  • 30.05.2021

Бүгін Дубайда өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында бойжеткендер финалдық жекпе-жектерін өткізеді. Ерік Алғабек баптайтын қыздарымыз он салмақтың тоғызында бас жүлдеге таласады. Қазақстан құрамасының қоржынында дәл қазір ресми түрде бір қола медаль бар. Оған Лондон олимпиадасының қола жүлдегері Марина Вольнова қол жеткізді. Ол жартылай финалда өзбекстандық Мавлюда Мавлоновадан 2:3 есебімен ұтылып қалды. Қалған тоғыз салмақтағы қыздарымыз бүгін кешкі сағат сегізде финалдық жекпе-жектеріне шығады. Оның ішінде бесеуі өзбекстандық боксшылармен жұдырықтасса, үшеуінің қарсыласы үндістандық боксшылар. Әлемнің екі дүркін чемпионы Назым Қызайбайдың финалдағы қарсыласы үндістандық Мэри Ком екенін айта кетейік. Дүниежүзілік жарыста алты мәрте топ жарған боксшы бес дүркін Азия чемпионы.

Финалдық жұптар

48 келі. Алуа Балқыбекова (Қазақстан) – Гуласал Султоналиева (Өзбекстан);

51 келі. Назым Қызайбай (Қазақстан) – Мэри Ком (Үндістан);

54 келі. Дина Жоламан (Қазақстан) – Ситора Шогдарова (Өзбекстан);

57 келі. Владислава Кухта (Қазақстан) – Ситора Тұрдыбекова (Өзбекстан);

60 келі. Римма Волосенко (Қазақстан) – Хусватун Хасана (Индонезия);

64 келі. Милана Сафронова (Қазақстан) – Лалбуатсаихи (Үндістан);

69 келі. Валентина Хальзова (Қазақстан) – Навбахор Хамидова (Өзбекстан);

75 келі. Мавлюда Мавлонова (Өзбекстан) – Пуджа Рани (Үндістан);

81 келі. Фариза Шолтай (Қазақстан) – Сохиба Рузметова (Өзбекстан);

+81 келі. Ляззат Күнгейбаева (Қазақстан) – Анупама (Үндістан);

              ***

Қыздар арасында Азия чемпионаты алғаш рет 2001 жылы Таиландтың Бангкок қаласында ұйымдастырылды. Қазақстан құрамасы алғашқы үш Азия чемпионатына бармады. Тек 2008 жылдан бері ғана тұрақты қатысып келеді. Үндістанның Гувахати қаласында өткен құрлық біріншілігінде қыздарымыз 1 күміс, 3 қола медальмен командалық есепте 5-орынға ие болды.

            ***

2010 жылдың көктемінде Азияның ең мықты деген боксшы қыздары Астанаға жиналды. Елімізде бірінші рет өткен қыздар сайысында 4 бірдей бойжеткеніміз Азия чемпионы деген атқа ие болды. Бұдан бөлек, тағы төрт қызымыз 1 күміс, 3 қола медаль алды.

            ***

Араға екі жыл салып, Азия чемпионаты Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында ұйымдастырылды. Өкінішке қарай, бұл жолы біздің қыздар жеңіс тұғырынан көріне алмады. Нәтиже - 2 күміс, 2 қола медаль.

           ***

2015 жылы Қытайда өткен Азия чемпионатында қыздарымыз 1 алтын, 3 қола медальмен командалық есепте үздік үштікке кірді.

           ***

2017 жылы Хошиминде (Вьетнам) алты бірдей боксшымыз жартылай финалға шыққанымен, соның екеуін ғана финалдан көрдік. Қалғаны қола жүлдені қанағат тұтты.

         ***

Осыдан екі жыл бұрын Азияның бокс конфедерациясы құрлық біріншілігін біріктіріп өткізу туралы шешім қабылдап, ерлер мен әйелдер арасындағы сайысты Бангкокте (Таиланд) өткізді. Бұл жерде бірде-бір бойжеткеніміз финалға шыға алмады. Тайланд астанасындағы нәтиже – 4 қола медаль.

Байланысты жаналықтар

Том-том жарысты кім тияр?

21.10.2024

«Он алты жасар чемпион» телехикаясы эфирге шықты

20.10.2024

Рахымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығы есімі берілген ауылда ерекше аталып өтті

19.10.2024

Бүгін Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына — 100 жыл

19.10.2024

Илон Масктың анасы Алматыға келді

16.10.2024

Қазақстанда Арменияның мәдениет күндері басталды

15.10.2024
MalimBlocks
Том-том жарысты кім тияр?

Ептілер жазушы еңбегін әділ бағалаудан гөрі ебін тауып екі асағаннан аса алмай келеді

«Он алты жасар чемпион» телехикаясы эфирге шықты

Ахметпен бірге «ауылда қалыңыз, балаларды жаттықтырыңыз» деп қосыла айтқың келетіндей

Рахымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығы есімі берілген ауылда ерекше аталып өтті

Ал туған аулында батыр атындағы аллея ашылып, бюст қойылды

Бүгін Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына — 100 жыл

Илон Масктың анасы Алматыға келді

Сапар барысында Мэй Маск Ықылас Дүкенұлы атындағы Ұлт аспаптар мұражайына барды

Қазақстанда Арменияның мәдениет күндері басталды