Димаштың жанкүйерлері тұңғыш поляк-қазақ сөздігін шығарды

Кітап Польшадағы Димаш Құдайберген фан-клубы шығарған тұңғыш сөздік

Malim Админ

  • 10.12.2024

Бұл кітап қазақ тілі мен қазақ мәдениетін насихаттауға бағытталған екі жылдық жұмыстың нәтижесі. Бұл туралы dimashnews.com сайты хабарлады.

Тілашар жасау идеясы Димаш радиосында оқытылатын қазақ тілі курстарының бір бөлігі ретінде пайда болған. Осы арқылы тыңдармандар Қазақстанға саяхаттағанда қажет болатын негізгі сөздер мен сөзтіркестерін үйренген. Фан-клуб үшін арнайы жасалған бұл курстар қазақша сөйлеуді меңгеруге көмектескен алматылық оқытушы Беглан Шарымбаевтың көмегімен өткізілген еді.

Сөзідкті құрастырғандар қазақ тілі пәнінің мұғалімі – Беглан Шарымбаев; иллюстратор – Ивона Опара-Стахолец; корректор – Ула Влодарска; қазақ тілі курстарының авторы және жүргізушісі – Тереза Конкол.

Тілашар Димаштың жанкүйерлерін қазақ тілінің негіздерімен таныстырып қана қоймайды, сонымен бірге, жарқын иллюстрациялардың арқасында оқу процесін қызықты етеді. Кітаптың басты кейіпкерлері – қазақ қыраны мен поляк ләйлегі.
Құрастырушылар кітапша Қазақстанға келетін саяхатшылар үшін пайдалы нұсқаулық болмақ және Димаштың жанкүйерлерін ел мәдениетін тереңірек зерттеуге шабыттандырады деп үміттенеді.

- Мен, біз істеген жұмысымызпен мақтанамын. Бұл Димаштың поляк фан-клубы оның жұмысын қолдап қана қоймай, қазақ тілін танымал етуді жалғастырып жатқанының тағы бір дәлелі, - деді Тереза Конкол.

Фото: dimashnews.com

Байланысты жаналықтар

Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттады

20.05.2025

Польшада мыңдаған адам заңсыз көші-қонға қарсы митингке шықты

11.05.2025

«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 13-14-ші хат

09.05.2025

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

08.05.2025

Димаш Құдайбергеннің қарындасы болашақ күйеуінің суретін көрсетті

01.05.2025

Димаш Құдайбергеннің қарындасына құда түсті

27.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттады

Польшада мыңдаған адам заңсыз көші-қонға қарсы митингке шықты

Олар президенттікке үміткер Кароль Навроцкийдің есімін айтып ұрандатты

«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 13-14-ші хат

Мeмлeкeт басшыларынан бастап, жeргiлiктi əкiмтайға дeйiн қазақша сөйлeмeсe, бұл тiлдe рeсми құжаттар жүргiзiлмeсe – oның нeсi мeмлeкeттiк тiл?! Басқа-басқа, Кoнституцияның өтiрiк айтқаны – өлгeнi ғoй. Нe бoлмаса, Кoнституция қағидасын oрындамай oтырғандар oңбаған. Eкiнiң бiрi. Мiнe, бұл əдiлeтсiздiккe нeгiздeлгeн қoғамның нышаны

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

Әншінің анасы әр жанкүйерге шын ниетпен сәлем жолдады

Димаш Құдайбергеннің қарындасы болашақ күйеуінің суретін көрсетті

Раушан Құдайбергеннің таңдауы актер жігітке түскен

Димаш Құдайбергеннің қарындасына құда түсті