Елордада «Aula Ligasy» мен «Nur-Sultan CUP» турнирлерінің жеңімпаздары анықталды

  • 20.09.2021

Елордада ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай аула клубтары арасында ұйымдастырылған «Aula Ligasy» футбол турнирі аяқталды. Қала әкімінің кубогы үшін өткен жарысқа төрт ауданнан мың жарымға жуық бала қатысты.

«Aula Ligasy» турнирі елордада 19 маусымда басталған болатын. Жарыс қаланың 40 футбол алаңында өтті, оған 135 команда қатысқан.

Финалдық ойындар жақында «Астана Арена» стадионында өтті. Турнир қорытындысы бойынша шешуші сынға әр ауданның 8 үздік командасы шықты. Олардың арасында Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кубогы сарапқа салынды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсіміне Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Асхат Оралов, Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Ерғалиев және №8 олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Самат Жылқыбаев қатысты.

Байқоңыр ауданының «Baikonur Team» командасы «Aula Ligasy» турнирінің чемпионы атанды. Жүлделі екінші орынды Есіл ауданының «Жағалау» командасы иеленсе, үздік үштікті Есіл ауданының «Сенім» ұжымы түйіндеді.

Турнир барысында үздік ойынымен көзге түскен қатысушылар бірнеше номинация бойынша марапатталды:

«Үздік ойыншы» – Нұрәли Садықов;

«Үздік шабуылшы» – Назар Сәбитұлы;

«Үздік қорғаушы» – Бекзат Әбен;

«Үздік қақпашы» – Нұрсұлтан Сұлтанғазы.

Жеңімпаздарға кубоктар, медальдар мен дипломдар, сондай-ақ спорттық форма және жарыс демеушісінің сертификаттары тапсырылды.

Сондай-ақ, бүгін елордадағы Отан қорғаушылар алаңы ауданындағы  «NS Street Life» көше спортының колизейінде, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған стритболдан «Nur-Sultan CUP» турнирінің финал ойындары мен марапаттау рәсімі өткенін хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Турнирге ұлдар мен қыздардан құралған 35 команда қатысқан.

Стритбол жарысының бірінші кезеңі осы жылдың 19 маусымында Алматы ауданындағы Президенттік саябақта басталған болатын. Біріншілік ойындары тек демалыс күндері, Нұр-Сұлтан қаласының 4 ауданында белгіленген уақытта «ASHYQ» қосымшасы арқылы өтті. Ойынға ұлдар мен қыздардан құралған 110 команда қатысты. Төрт ойыншыдан тұратын командалар U-16, U-18 екі санатында жарысты. Іс-шара соңында жеңімпаздар медальдармен, дипломдармен, кубоктармен және арнайы стритбол формаларымен марапатталды.

Жарыс қорытындысы:

Қыздар U-16 категориясы бойынша:
1 орын – «Бизешкин» командасы;
2 орын – «Тамирис» командасы;
3 орын – «СДЮШОР №5» командасы;

Үздік ойыншы номинациясы – Анна Кочура.

Қыздар U-18 категориясы бойынша:

1 орын – «Тайгерс» командасы;
2 орын – «СДЮШОРЮ№5» командасы;
3 орын – «Астана» командасы;

Үздік ойыншы номинациясы – Малика Салиева.

Ұлдар U-16 категориясы бойынша:
1 орын – «№52» командасы;
2 орын – «Шарашкина кантора» командасы;
3 орын – «№38» командасы;
Үздік ойыншы номинациясы – Турдиев.
Ерасыл Ұлдар U-18 категориясы бойынша:
1 орын – «Street Beabers» командасы;
2 орын – «3nd» командасы;
3 орын – «Колизей» командасы;
Үздік ойыншы номинациясы – Иса Султанбейбарыс.

фото: https://astana.gov.kz/

 

Байланысты жаналықтар

Euronews қазақ балеті туралы арнайы репортаж жасады

20.02.2025

Димаш халықаралық беделді сыйлықты қалай алды?

18.02.2025

"Боран" қандай фильм?

18.02.2025

"Есімдер": "Астана Балет" театры бірегей жоба өткізді

18.02.2025

Анам айтқан жалған сөздер

14.02.2025

Ғазиза Құдайбергенқызы - Алматыдағы ҚР Ұлттық академиялық кітапхананың директоры

14.02.2025
MalimBlocks
Euronews қазақ балеті туралы арнайы репортаж жасады

Димаш халықаралық беделді сыйлықты қалай алды?

Әйгілі Rolling Stone журналы мақала жариялады

"Боран" қандай фильм?

"Есімдер": "Астана Балет" театры бірегей жоба өткізді

Анам айтқан жалған сөздер

Құлыным жей ғой, менің қарным ашқан жоқ» дейтін. Бұл оның үнемі айтатын жалған сөзі еді.

Ғазиза Құдайбергенқызы - Алматыдағы ҚР Ұлттық академиялық кітапхананың директоры