Енді 5-8 және 10-сынып оқушылары қазақ тілінен емтихан тапсырады

Қазақстанда жаңа оқу жылынан бастап 5-8 және 10 сынып оқушылары қазақ тілінен емтихан тапсырады. Оқу-ағарту министрлігі осындай хабар таратты.

Айбек Ережеп

  • 10.11.2022

Онда «Қазақ тілі» пәнінен емтиханды 5-8, 10-сынып оқушылары тапсыратыны айтылған. Бұл өзгеріс келесі (2023-2024) оқу жылынан бастап енгізілмек.

«Қазақ тілінен емтихан жазбаша және ауызша түрде өтеді. Тыңдау, айту, оқу және жазу сияқты дағдылар бағаланады. Емтихан тапсырмаларын оқытушылар академиялық адалдық қағидаттарын сақтай отырып өздері құрастырады. Бұл пән бойынша қорытынды бағалар 5-8, 10-сыныптарда емтихан және жылдық бағалау қорытындылары бойынша қойылады» делінген министрлік хабарламасында. Айта кетерлігі, бұған дейін қазақ тілінен емтиханды тек 9 және 11-сынып оқушылары ғана тапсырып келген.

Бұған дейін Оқу-ағарту министрлігі бірінші сыныпта бірден үш тілді оқыту ережесін өзгертіп, қазақ мектептерінде бірінші сыныпта тек қазақ тілі ғана оқытылатын жасаған. Орыс тілін – екінші сыныптағы, ағылшын тілін үшінші сыныптағы пәндер қатарына қосқан. Ал орыс мектебіне баратын бірінші сынып оқушыларына  орыс және қазақ тілі қатар оқытылады.

 

Басты бетте көрнекі фото

Байланысты жаналықтар

Биыл түлектер емтиханды қай күндері тапсырады?

11.05.2025

Қазақстандықтар ресейлік кәсіпкердің кофеханасына бойкот жариялады

05.05.2025

Депутат Аймағамбетов әйелдердің денсаулығына қатысты маңызды жаңалық айтты

03.05.2025

1-сыныпқа қабылданған 70 пайыз бала қазақ тілінде білім алуды таңдаған

18.04.2025

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

16.04.2025

Қазақстандық оқушылар Жазғы гимназиадада 11 медаль алды

13.04.2025
MalimBlocks
Биыл түлектер емтиханды қай күндері тапсырады?

Қазақстандықтар ресейлік кәсіпкердің кофеханасына бойкот жариялады

Депутат Аймағамбетов әйелдердің денсаулығына қатысты маңызды жаңалық айтты

1-сыныпқа қабылданған 70 пайыз бала қазақ тілінде білім алуды таңдаған

Оқу-ағарту министрлігінің айтуынша, 1-сыныпқа 119 мың бала қабылданған

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

Қазақстандық оқушылар Жазғы гимназиадада 11 медаль алды