Оразбек Сәрсенбаев: «Мұқан Иманжановтың пьесалары ұнаған жоқ...»

Жазушылығы шамалы екен

Malim Админ

  • 06.11.2022

Жазушы Оразбек Сәрсенбаевтың "Өмірнама" атты күнделігіндегі жазбаларды  жариялауды жалғастырамыз. Бұған дейін қаламгердің Сәбит Мұқанов, Қуандық Шаңғытбаев, Әбіш Кекілбаев, Қалмақан Әбдіқадыровтармен қарым-қатынасы туралы жазбасын ұсынған едік. Бұл жолы жазушы сүйсініп оқыған һәм ұнатпаған авторлары жөнінде пікір білдірген.


22 мамыр  1958 жыл 

Балғабек Қыдырбекұлының «Ешкімге айтпа» деген фельетондар жинағын оқып шықтым. Ұнамады. Аздап Чернышевскийді қарадым.

23 мамыр 1958 жыл 

Ауылдан Сейітқасым Сейтеновтен хат келді. Ол кісі тәуірлене бастапты. Ана Оразбек Бодықов ағамыз Шиеліден қашып кетіпті. Секең соған ренжулі көрінеді. 

... Чернышевскийді біраз оқыдым. Оның сыншылығына дауым жоқ. Бірақ жазушылығы шамалы екен.

Оқи отырыңыз: Оразбек Сәрсенбаев: Қалмақан Әбдіқадыровтың әйелі салған әлек

24 мамыр 1958 жыл

Арсеньевтің «Дерсу Узала» деген кітабын оқып шықтым. Ұнады.   

25 мамыр 1958 жыл

М.Иманжановтың жазған пьесаларын қарап шықтым. Ұнаған жоқ. 

26 мамыр 1958 жыл

«Қазақ әдебиетіне» - Ізтай Мәмбетовке тағы бардым. «Сәт сапар» бермекші болып қалды.

27 мамыр 1958 жыл

... Бүгін жалғыз өзім кинотеатрға барып, «Господин 420» картинасын көріп қайттым. Міне, нағыз адам деп осындағы геройларды – Радж, Витяларды айтуға болар. Біз Радж Капурге әрине, ұқсамаймыз. Қайтар жолда тағы да жаңбырдың астында қалдым.  

29 мамыр 1958 жыл

... Бүгін поэзия кеші болатын еді. Сонда сөйлемек болып, «А» группасындағы Ілияс Байтұрсыновтың өлеңдерін қарап шықтым. Мұхтар (Мағауин) менің 2 өлеңімді оқуға сұрап алды... Поэзия кешіне бардық. Қ.Шаңғытбаев жақсы баяндама жасады. Кеш өте қызықты, тартысты өтті. Әбіш, Мұхтар, мен – біраз бөстік, жұртқа ақыл айттық.

30 мамыр 1958 жыл 

Соңғы кезде ақша таусылып, құр нан мен суға қарап қалдық. Оның өз де - аз. Таңертең тұрсам қарыным уілдеп тұр. 3 сом ақша қалған екен қалтамда. Стадионға баратын күнім болса да барғым келмеді. «Цусиманы» оқып жатып ұйықтап кетіппін...

... Өтежан Нұрғалиев поэзиясы туралы қызу дау басталды. Өтежанды біреулер мақтап, біреулер сынап жатты. Сабақтан шыққан соң «Это было не напрасно» деген югославиялық киноны көрдік. Менде билет аларлық ақша жоқ еді. Тұрғанбай Д. төледі. 

Оқи отырыңыз: Оразбек Сәрсенбаев. Бодықовтың өкінішті өмірі      

Байланысты жаналықтар

Оразбек Сәрсенбаев: «Менің 3 өлеңімді оқып, біреуін де жаратпады...»

09.12.2022

Оразбек Сәрсенбаев. Бодықовтың өкінішті өмірі  

23.10.2022

Оразбек Сәрсенбаев: «Мағауинмен ұзақ сырласып көрген жоқпын...»

18.09.2022

Оразбек Сәрсенбаев: «Студенческий листок» газетінен шыққан реніш 

11.09.2022

Оразбек Сәрсенбаев:  Тәшенов, Мұқанов, Момышұлы, Қуанышбаев, Қожамқұлов туралы... 

03.09.2022

Оразбек Сәрсенбаев. «Шаңғытбаев өлеңің нашар екен» деді

26.08.2022
MalimBlocks
Оразбек Сәрсенбаев: «Менің 3 өлеңімді оқып, біреуін де жаратпады...»

Әрине, оның айтқан кейбір ескертпелерінің жаны болғанымен, көбін мойындағаным жоқ

Оразбек Сәрсенбаев. Бодықовтың өкінішті өмірі  

Бұл мінезі өзіне де талай зиянын тигізді

Оразбек Сәрсенбаев: «Мағауинмен ұзақ сырласып көрген жоқпын...»

Біраз әңгімелестік

Оразбек Сәрсенбаев: «Студенческий листок» газетінен шыққан реніш 

Бақыт Сейітжанов пен Әбіш Кекілбаев маған өкпе айтты

Оразбек Сәрсенбаев:  Тәшенов, Мұқанов, Момышұлы, Қуанышбаев, Қожамқұлов туралы... 

Ерекше мінезді, күрделі тұлға болып көрінеді

Оразбек Сәрсенбаев. «Шаңғытбаев өлеңің нашар екен» деді

Қандай әділетсіздік?!  деп ойладым