Қазақ медиа қауымдастығынан ҚР президенті мен үкіметіне үндеу

  • 13.01.2022

Қазақ медиа қауымдастығынан ҚР президенті мен үкіметіне үндеу

Қазақстан Республикасының Президенті

Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаға

Қазақстан Республикасының премьер-министрі

Әлихан Смайлов мырзаға

Ақпарат және қоғамдық даму министрі

Асқар Умаров мырзаға

Қазір қоғамда төтенше жағдайлардан, қантөгісті оқиғалардан кейін біздің құқық қорғау орындарының көп жағдайда асыра сілтеуге, тек айыптау мен жазалауға барып жатқаны жиі айтылып жатыр.

Ал мұның қоғамда, халықаралық деңгейде теріс пікір туғызатынын, халықтың наразылығын қайтадан өршітетінін, тіпті халық пен күштік құрлымдардың арасына жік салатынын ескере бермейтіні өкінішті.

Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңда көрсетілгеніндей, журналист куәлігін, айырым белгісін көрсету арқылы дүлей зілзалалар ауданында, бейбіт жиналыстарда, сондай-ақ қоғамдық, топтық және жеке мүдделерді білдірудің өзге де нысандары кезінде болуға құқылы. Еліміздің әртүрлі аймақтарында болған, мыңдаған адамдар қатысқан жиындардан, митингілерен ақпарат таратқан, кәсіби міндеттерін атқарған журналистер заңмен қорғалуы тиіс. Журналистердің заңды кәсіптік қызметіне кедергі жасау ҚР заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғатынын біле тұра, полиция, прокуратура қызметкерлері журналистердің жұмысына кедергі келтіруге, өзінің азаматтық көзқарасын ашық айтқаны үшін қудалауға ұшыратуы бұрыннан жалғасып келе жатыр. «Еститін мемлекет» қағидасына сай осы кереғарлықа тосқауыл қойылса. Ескіден қалған бұл әдетті тоқтатпайынша, шынайы сөз бостандығына, демократияға жол ашылмайды.

Осы ретте Алматыда және көп қалаларда болған бейбіт шерулерге жеке азаматтық ұстанымын көрсетіп қатысқан және де шерулер барысынан хабар таратып, өзінің кәсіби қызметін істеген журналистер арасында қамауға алынған әріптестеріміз туралы аймақтардан хабарлар келіп жатыр. Бұл – журналистер қауымын алаңдатып отыр.

Елімізде болған оқиғалар кезінде өзінің кәсіби қызметі барысында және жеке азаматтық көзқарасын бейбіт білдіру кезінде ұсталған журналистерге қатысты істердің әділ тергелуін сұраймыз!

Егер қамау алынған журналистерге қандай да бір айып тағылмаған болса, ұстау мерзімі 48 сағаттан асса, олардың босатылуын талап етеміз!

Елде болған оқиғалар кезінде ұсталған журналистер тағдырына уәкілетті орган – ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің араша түсуін және оларға қатысты қозғалған істердің әділ әрі ашық болуын назарында ұстауын өтінеміз!

Барша әріптестер мен БАҚ-ты оқиғалар кезінде ұсталған әріптестерімізді қолдауға шақырамыз!

"Қазақ Медиа Ассосациясы" ЗТБ

Бірлестік құрамына енетін БАҚ-тар:

dalanews.kz

7kun.kz

malim.kz

arasha.kz

qazaqtimes.kz

baribar.kz

abai.kz

adyrna.kz

ult.kz

Bugin.kz

Kznews.kz

Байланысты жаналықтар

Медиафорум: Орталық Азия елдерінің бірлескен телеарнасы құрылады

16.04.2025

«Қыз Жібек» киносынан Асанәлі Әшімов екеуміз ғана қалдық - Меруерт Өтекешова

14.04.2025

Ұлытау кереметтері: Ежелгі өркениет ізімен

11.04.2025

Instagram-да қазақ әндері қайта пайда болды

11.04.2025

Димаш Құдайберген қуанышты жаңалығын жеткізді

09.04.2025

Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы: Каспий жағасына 100 мыңға жуық адам жиналды

06.04.2025
MalimBlocks
Медиафорум: Орталық Азия елдерінің бірлескен телеарнасы құрылады

Форум «Жаһандық өзгерістер дәуіріндегі Орталық Азия. Стратегиялық даму құралы ретіндегі медиа» деп аталады

«Қыз Жібек» киносынан Асанәлі Әшімов екеуміз ғана қалдық - Меруерт Өтекешова

Өнер иесі денсаулыққа мән беру керектігін еске салды.

Ұлытау кереметтері: Ежелгі өркениет ізімен

Тамыры терең тарихпен астасқан мәдени мұра мекені — Ұлытауды бірге аралап, ерекше әсерге бөленейік!

Instagram-да қазақ әндері қайта пайда болды

Әділет министрлігі қазақ әндерін Instagram-ға қайтарғалы жатыр

Димаш Құдайберген қуанышты жаңалығын жеткізді

Өнер иесінің туындысы Еуропа тыңдарманының көңілінен шыққан.

Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы: Каспий жағасына 100 мыңға жуық адам жиналды

Бұл – қазақтың дәстүрін, киелі Маңғыстау мұрасын және түркіхалықтарының тарихын кеңінен насихаттауға арналған бірегей мәдени кеңістік