Қазақстандық университет британдық сапа белгісін алады

  • 10.02.2023

Британ делегациясының басшысы, Премьер-министрдің сауда уәкілі Баронесса Николсон «Қазақстанның ең мықты жоғары оқу орындарының бірі КАЗГЮУ-дың QAA-мен бұл келісімі өте маңызды» деп ерекше атап өтті. «QAA аккредитациясы қазақстандық жоғары оқу орындарының британдық сапа стандарттарына сәйкес келуінде маңызды көрсеткіші», - деді ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек. Бүгін Лондонда Қазақстан-британ үкіметаралық комиссиясының 9-шы отырысының шеңберінде М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті Басқарма Төрағасы Талғат Нәрікбаев QAA британдық аккредитациялық агенттіктің Халықаралық және кәсіби қызметтер бойынша директоры Эдуардо Рамоспен жоғары білім саласындағы сапаны бағалау бойынша халықаралық келісімге қол қойды.Бұған дейін Университет FIBАА еуропалық тәуелсіз агенттіктің институционалдық аккредитациясын алған болатын. 

«Бұл серіктестік британ (халықаралық) сапа белгісін алуға негіз болады», деді Талғат Нәрікбаев. Біріккен Корольдікке сапар барысында КАЗГЮУ делегациясының Оксфорд Университетінің Ислам зерттеулері орталығы, Кембридж Университетінің құқық факультеті, білім беру саласындағы ынтымақтастық құрылымы (Cambridge Education Partnership), және басқа да британдық оқу орындары басшылығымен нысанды кездесулері жоспарланған. М.Нәрікбаев атындағы Университетінде қазіргі таңда 5000-нан астам қазақстандық және шетелдік студенттер халықаралық рейтінгтік агенттіктердің бағасын алған 40-қа жуық оқу бағдарламасында оқиды. Жоғарғы оқу орнының оқытушы-профессорлық құрамында әлемнің жетекші университеттерінің түлектері, Қазақстанның, алыс және жақын шетелдің танымал ғалымдары мен жас зерттеушілері бар.

Байланысты жаналықтар

Путин қазақстандықтарды марапаттап жатыр 

28.03.2023

Жазылмай қалған жазбалар мен күнделіктер

27.03.2023

Абайдың кешін алғаш өткізген Құлжановты атқызған кімдер? 

26.03.2023

Наурыз мереке емес.  «Мейрам» сөзінің мәнін білеміз бе?   

20.03.2023

Қазақ әнін менсінбейтін мейрамхана қателігін мойындады

16.03.2023

Көрісу күні аймақтарда қалай өтеді? 

14.03.2023
MalimBlocks
Путин қазақстандықтарды марапаттап жатыр 

Олардың ішінде Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов бар

Жазылмай қалған жазбалар мен күнделіктер

Жазылмай қалған жазбалар мен күнделіктердің тағдырына не себеп? 30 беттен асатын «Жапония күнделіктері» неге жазылмады?

Абайдың кешін алғаш өткізген Құлжановты атқызған кімдер? 

«Нұрғалиді атқыз» – деп Әлекең айтқан жоқ

Наурыз мереке емес.  «Мейрам» сөзінің мәнін білеміз бе?   

Әсілінде екеуі екі бөлек нәрсе

Қазақ әнін менсінбейтін мейрамхана қателігін мойындады

Алматылықтар байкот жариялаған

Көрісу күні аймақтарда қалай өтеді? 

Жергілікті жұрт көктемнің шыққан-шықпағанын осы амалдың қалай кіруінен-ақ байқаған