Шымкенттік оқушылар шетелдік ЖОО грантын ұтып алды

Malim Админ

  • 10.03.2021

Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушылары Нью-Йорк университетінің грантына ие болды. Азизбек Убайдуллаев пен Асылбек Сәдуақасов енді мектеп бітірген соң шет елде оқитын болады.

Нью-Йорк университеті – Нью-Йорк, Абу-Даби және Шанхай қалаларында бар. Бұл әлемдегі үздік жоғарғы оқу орындарының бірі. Шымкенттік оқушылар бұл университетте 115-тен астам ұлт өкілдері оқитынын және таңдаған оқу орнының білім сапасы, өз студенттеріне ұсынатын мүмкіндіктері зор екенін айтады.

– Бұл университетте алғашқы оқу жылында студенттер нақты бір мамандықты таңдамайды. Яғни, студенттерге өзіне ұнаған мамандық түрін оқу барысында таңдауға мүмкіндік берілген. Өзім құжат тапсыру барысында мамандығымды «Сomputer science» етіп көрсеттім, – дейді Асылбек Сәдуақасұлы.

Асылбек енді Абу-Дабиде оқиды. Ол аталмыш қалаға оқуға түскен осы мектептің екінші оқушысы. Ал Азизбек Убайдуллаев университеттің Нью-Йорк қаласындағы филиалын таңдапты. Ол болашақта саяси сарапшы болсам дейді.

– Саяси аналитик, негізінен, басқару процестерімен, дәлірек айтқанда экономикаға немесе әлеуметтік салаға қатысты басқарушылық шешімдер қабылдауды қамтамасыз етумен айналысады. Мен халықаралық қатынастар факультетіне түскендіктен, болашақта Қазақстанның атынан басқа елдермен саяси келіссөздер жүргізем, – дейді ол.

Байланысты жаналықтар

Қымбат пәтер мен көлік алған: Шымкентте университет қызметкерлері ақша жымқырған

19.05.2025

Шымкентте нәрестенің жүрегіне күрделі ота жасалды

18.05.2025

Алаяқ Free Fire аккаунтын сатамын деп оқушыдан 2 млн теңге алған

16.05.2025

Руслан Берденов отадан кейін алғаш рет ел алдына шықты

12.05.2025

Шымкент құтқарушыларына жыландарға қатысты 25 шақырту түскен

11.05.2025

Марғұлан Сейсембай ауруханада жатқан Руслан Берденовпен кездесті

09.05.2025
MalimBlocks
Қымбат пәтер мен көлік алған: Шымкентте университет қызметкерлері ақша жымқырған

Шымкентте нәрестенің жүрегіне күрделі ота жасалды

Алаяқ Free Fire аккаунтын сатамын деп оқушыдан 2 млн теңге алған

Руслан Берденов отадан кейін алғаш рет ел алдына шықты

Шымкент құтқарушыларына жыландарға қатысты 25 шақырту түскен

Марғұлан Сейсембай ауруханада жатқан Руслан Берденовпен кездесті

Ол Берденовті «адал, тәртіпті, нағыз отаншыл азамат» деп атап өтті