Тоқаев дәрігерлерге қалай көмектеседі?

Malim Админ

  • 29.03.2020

Қасым-Жомарт Тоқаев күрделі кезеңде еңбек етіп жүрген дәрігерлер үшін қаржылай қолдаудың жаңа пакеті қажет екенін айтты.

«Санитарлық-эпидемиологиялық саладағы күрделі кезеңде еңбек етіп жатқан дәрігерлерді қаржылай қолдаудың жаңа пакеті қажет. Олар соған лайықты. Үкімет есептеулерді жүргізуде. Қабылданған шешім дүйсенбіде жарияланады», – деді ол Twitter желісіндегі жеке парақшасында.

Ал көрші өз ағамыз – өзбек хақының басшысы Шавкат Мирзиеев бұндай шешімді әлдеқайда бұрын қабылдап тастады.

«Карантин кезінде індет жұқтырғандармен бір ғимаратта жұмыс істеген дәрігерлер мен эпидемолог мамандарға ай сайын 25 млн сум төленеді. Ал медбикелер мен зертхана қызметкерлеріне 15 млн сум, санитарлық қызметкерлерге 10 млн сум, басқа да қызметкерлерге 5 млн сум төлейтін боламыз», – деген еді Мирзиеев.

Бұл ақшалар қазіргі валюта бағамында - 2,5 мың, 500 доллардың аралғы. Медицина қызметкерлері коронавирус жұқтырғандарды емдегенде инфекция жұқтырса, мемлекет 100 млн сум (10 мың доллар) төлемек.

Ал Қазақстанда бір медбикенің бұл жаман ауруды жұқтырғаны анықтылды. Күн сайын дертпен күресіп жүрген дәрігерлердің ішер ас, киер тамақ, жатар үйлері де мәселеге айналғанын әріптестеріміз жазды.

Енді Тоқаевтың әлеуметтік пакеті қандай болмақ? Күтеміз...

Байланысты жаналықтар

Германияда қолтырауынның басын сақтаған қазақстандық ұсталды

18.05.2025

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

15.05.2025

Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

15.05.2025

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

14.05.2025

Тоқаев көлік саласындағы кемшіліктер үшін Марат Қарабаевқа сөгіс берді

14.05.2025

Ұлттық банк өкілдері Тоқаев алдында есеп берді

13.05.2025
MalimBlocks
Германияда қолтырауынның басын сақтаған қазақстандық ұсталды

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

Бұдан бөлек, жоба жасанды интеллектті пайдаланудың кейбір түріне де тыйым салады

Тоқаев көлік саласындағы кемшіліктер үшін Марат Қарабаевқа сөгіс берді

Ұлттық банк өкілдері Тоқаев алдында есеп берді