Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Дайындал, актер": Рамзан Қадыровтың 18 жастағы баласы Зеленскийді Шешенстанға алып келетінін айтты

Әлем
"Дайындал, актер": Рамзан Қадыровтың 18 жастағы баласы Зеленскийді Шешенстанға алып келетінін айтты
Malim.kz коллажы

Шешенстан басшысының көмекшісі, республика қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Адам Қадыров егер аймақ басшысы Рамзан Қадыров немесе жоғарғы бас қолбасшы Владимир Путин "келісімін берсе", Владимир Зеленскийді әскери қылмыскер ретінде Шешенстанға алып келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұған дейін Рамзан Қадыров Зеленскийдің АҚШ-ты өзін "ұстап әкетуге" шақырған мәлімдемесіне пікір білдіріп, мұны бейбіт реттеуді бұзу әрекеті деп атаған еді.

Адам Қадыров Instagram әлеуметтік желісінде жазған жазбасында:

"Егер Жоғарғы бас қолбасшы Владимир Владимирович Путин немесе әкем бір ауыз сөз айтса, біз сені (Владимир Зеленскийді) қай жерде болсаң да табамыз. Бұл –уақыттың ғана мәселесі. Біз операция жарияламаймыз. Жай ғана барып, сені алып кетеміз. Иесіне қажет болмай қалған затты қалай алса, солай. Сені мұнда, Грозный қаласына алып келеміз. Президент ретінде емес, әскери қылмыскер ретінде", – деді.

Ол Зеленскийді "клоун" және "бос орын" деп атап, оның сөздері "бір оққа да тұрмайды" деді. Адам Қадыровтың пікірінше, Зеленский Батыстың мақтауы мен арзан пафос үшін өз елін құрдымға жіберген.

Сондай-ақ ол:

"Бірақ сенің уақытың да жақында аяқталады. Сол кезде бүгінгі "өткір қалжыңдарыңды" еске алып, әрбір айтқан сөзіңе өкінесің. Дайындал, актер. Спектакліңнің финалын біз жазамыз. Ол мүлде комедия болмайды", – деп қосты.

Еске салайық, 3 қаңтарда АҚШ Венесуэлаға жаппай соққы жасап, ел президенті Николас Мадуро мен оның жұбайы Силия Флоресті ұстап, Нью-Йоркке жеткізгені хабарланған. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу