Марқакөлде дәрігер тапшылығын жою мәселесі қолға алынды

Халық үшін ең маңызды сала – денсаулық сақтау саласы

Malim Админ

  • 06.09.2024

Шығыс Қазақстан облысының өткен жылы қайта құрылған Марқакөл ауданында қазір әлеуметтік жағдай біртіндеп реттеліп келеді. Бүгін облыс әкімі Ермек Көшербаев ауданның әкімін тағайындап, өңір жұртшылығымен жүздесті.

Айта кетсек, Марқакөл ауданының әкімі болып Рүстембек Кемешев тағайындалды. Ол - осы ауданның тумасы және біраз жыл Марқакөл ауылдық округінің әкімі болып қызмет еткен, аудан құрылғаннан кейін аудан әкімінің міндетін атқарушы болды.

Халық үшін ең маңызды сала – денсаулық сақтау. Аудан тұрғындарымен кездесу кезінде аймақ басшысы бұл салада базалық мемлекеттік медициналық көмектің бірыңғай пакеті жасалатынын айтып өтті. Осы ретте аудан әкіміне кадр мәселесін шешу туралы тапсырма берілді. Облыс әкімі медицина кадрларының тапшылығын толтыру жөнінде кешенді шаралар қабылдау қажет дейді.

Ауданның Ұранхай және Ақжайлау ауылдарында екі медициналық пунк салынған болатын. Сондай-ақ Марқакөл ауылындағы дәрігерлік амбулатория да жұмыс істеп тұр. Енді осы дәрігерлік амбулатория қайта аурухана болып ұйымдастырылмақ. Аталған медициналық ұйымдар қажеттінің барлығымен толық жабдықталған екен. Дегенмен, халыққа қызмет көрсететін дәрігер аз.

Облыс әкімі денсаулық сақтау басқармасына Марқакөл ауылының дәрігерлік амбулаториясын аудандық ауруханаға қайта ұйымдастыру бойынша жұмыстарды биыл 1 қазанға дейін аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар келесі жылы амбулаторияға күрделі жөндеу жүргізу үшін қаражат бөлінетінін айтты.

Фото: vesti92.ru

Байланысты жаналықтар

ШҚО-да WorldSkills Shygys 2025 өңірлік чемпионаты аяқталды

16.05.2025

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

15.05.2025

Үлкен Нарын ауылында қаза тапқан жұмысшылардың отбасыларына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетіледі

15.05.2025

Өскеменде Сағадат Нұрмағамбетовтың ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі өтті

07.05.2025

ШҚО-да өрт қауіпсіздігін сақтамағандар жауапқа тартылды

07.05.2025

Шығыстың қалқаны: ШҚО әкімі Серебрянскіде аңызға айналған әскери бөлімде болды

06.05.2025
MalimBlocks
ШҚО-да WorldSkills Shygys 2025 өңірлік чемпионаты аяқталды

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

ШҚО-да полицейлер ақша бопсалағаны үшін сотталды