Банктер қарыз алушылар туралы қандай мәліметтерді кредиттік бюроларға ұсынады

Жоба 2024 жылғы 26 маусымға дейін жария талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында орналастырылған.

Malim Админ

  • 12.06.2024

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі кредиттік бюроларға ұсынылатын өзге де мәліметтерді бекіту туралы қаулы жобасын дайындады, деп хабарлайды Malim.kz.

Жоба (қарыз алушылар туралы негізгі ақпараттан басқа) банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер (ақпарат берушілер) кредиттік бюроларға ұсынуы тиіс өзге де мәліметтердің тізбесін қамтиды.

Атап айтқанда, банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар және микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйымдар (кредиторлар) банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша кредиттік бюроларға:

қарыз алушының банктік қарыз шартының және микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішпен жүгіну күні;

кредиторлардың қарыз алушының өтінішін қарау нәтижелері;

қарыз алушының өтінішін қарау нәтижелері бойынша кредиторлар берген жауаптың күні мен нөмірі;

банктік қарыз шартының және микрокредит беру туралы шарттың талаптарына енгізілген өзгерістер;

банктік қарыз шарты және микрокредит беру туралы шарт бойынша өндіріп алуды қолданудың негіздемесі мен күні туралы мәліметтерді (нотариустың атқарушы жазбасымен не сот актісімен не татуласу келісімімен расталған);

банктік қарыз шарты және микрокредит беру туралы шарт бойынша жүргізілген соңғы төлем күні;

банктік қарыз шарты және микрокредит беру туралы шарт бойынша жүргізілген төлем сомасы туралы мәліметтерді;

тараптардың келісімі бойынша өзге де мәліметтерді береді.

Коллекторлық агенттіктер банктік қарыз шарты және микрокредит беру туралы шарт бойынша кредиттік бюроларға:

толық атауын, бизнес-сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, банктік қарыз шарты және микрокредит беру туралы шарт бойынша қарыз (микрокредит) берген кредитор;

құқықты беру күнін, бизнес-сәйкестендіру нөмірін, берілген құқықтың сомасын, берілген құқықтың нақты құнын көрсете отырып, құқықты беру туралы шартқа сәйкес банктік қарыз шарты және микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықты берген тұлға;

банктік қарыз шарты және микрокредит беру туралы шарт бойынша жүргізілген соңғы төлем күні;

банктік қарыз шарты және микрокредит беру туралы шарт бойынша жүргізілген төлем сомасы туралы мәліметтерді;

тараптардың келісімі бойынша өзге де мәліметтерді береді.

Жоба 2024 жылғы 26 маусымға дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында орналастырылған.

Фото: basnews.kz

Байланысты жаналықтар

Қазақстанның мемлекеттік қарызы қанша?

20.05.2025

Банк қызметкерлерінің үстінен алаяқтықпен байланысты 61 іс тергеліп жатыр

10.05.2025

20 мыңға жуық әскери қызметшінің несиелері кейінге шегерілді

07.05.2025

Елімізде адамдарға несие беруді қатаңдату ұсынылды

05.05.2025

TikTok деректерді Қытайға бергені үшін айыппұл төлейді

02.05.2025

Елімізде несие алуы қиындай түспек

30.04.2025
MalimBlocks
Қазақстанның мемлекеттік қарызы қанша?

Банк қызметкерлерінің үстінен алаяқтықпен байланысты 61 іс тергеліп жатыр

Клиентке биометриялық сəйкестендіру жəне ЭЦҚ құралдары бір мезгілде қолданылған кезде ғана шарт жасасуға рұқсат етіледі

20 мыңға жуық әскери қызметшінің несиелері кейінге шегерілді

Кейінге қалдырылған қарыздардың жалпы сомасы 7,5 млрд

Елімізде адамдарға несие беруді қатаңдату ұсынылды

TikTok деректерді Қытайға бергені үшін айыппұл төлейді

Елімізде несие алуы қиындай түспек