Доллар бағасы 600 теңгеге өсуі мүмкін бе?

Ақша айырбастау пункттерінде доллар 494 – 499 теңге аралығында саудаланып жатыр

Malim Админ

  • 21.11.2024

Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин доллар бағамының 600 теңгеге дейін өсуі мүмкін бе деген сұраққа жауап берді.


«Біз бағамды болжап отырған жоқпыз, доллардың қанша теңгеге дейін жететінін білмеймін. Бізде еркін айналымдағы курс режимі бар, курс динамикасы бойынша болжам жасамаймыз», - деді В.Тутушкин Сенат кулуарында.

Ұлттық банк өкілі кешегі күннің қорытындысы бойынша биржадағы бағам бір доллар үшін 495 теңге, сауда-саттық соңында – 496,3 теңге болғанын айтуда.

«Жалпы, 500 – жай ғана сан, оған байланудың қажеті жоқ. Бүгін 500, ертең 600, курс шетел валютасына сұраныс пен ұсыныстың арақатынасына қарай қалыптасады», - деп толықтырды спикер.

Сондай-ақ, В. Тутушкин доллардың өсуінің негізгі факторы оның әлемдік нарықтарда нығаюы екенін атап өтті.

«Доллар дамушы және дамыған елдердегі барлық валюталарға қатысты нығайып келеді. Егер теңге мен еуроның арақатынасын қарастыратын болсақ, онда жағдай анағұрлым тұрақты», - деді спикер.

Бүгін Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 494 – 499 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Фото: Kazinform  

Байланысты жаналықтар

Валютаны сатып алу/сату кезінде ауытқу шегі қайта енгізіледі

14.01.2025

Астаналықтар былтыр 625 млрд теңгеге сусын ішкен

14.01.2025

Жыл басында қырыққабат қымбаттады

13.01.2025

Сарапшылар биылғы инфляцияны 6,9-7,5% аралығында болжады

10.01.2025

Доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?

09.01.2025

Фаст-фуд елімізде соңғы 2 жылда қарқынды түрде қымбаттаған

08.01.2025
MalimBlocks
Валютаны сатып алу/сату кезінде ауытқу шегі қайта енгізіледі

Долларға 7 теңге және еуроға 10 теңгеден аспауы керек

Астаналықтар былтыр 625 млрд теңгеге сусын ішкен

Салада баға өсімі артқан

Жыл басында қырыққабат қымбаттады

Әлеуметтік маңызды азық-түлік бағалары бір аптада болмашы өсім көрсеткен

Сарапшылар биылғы инфляцияны 6,9-7,5% аралығында болжады

Сарапшылар болжамын Ұлттық банк жариялады

Доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?

Фаст-фуд елімізде соңғы 2 жылда қарқынды түрде қымбаттаған

Ең үлкен қымбатшылық Маңғыстаута тіркелген