Екінші деңгейлі банктер 650,9 млрд теңге қарызын қайтармаған

Malim Админ

  • 18.04.2025

2017-2020 жылдары екінші деңгейлі банктерге 700 млрд теңге көлемінде қолдау көрсетілген. Ұлттық банктің Kazinform агенттігіне жолдаған ресми сауалында  бұл қаржының қаншасы қайтарылғаны айтылды.

Ұлттық Банк 2017 және 2020 жылдары «ҚР банк секторының қаржылық тұрақтылығын арттыру» бағдарламасы аясында екінші деңгейлі бірқатар банкке шамамен 700 млрд теңге көлемінде субординацияланған облигациялық қарыз бөлді.

Қаржылай қолдау «Еуразиялық Банк» АҚ, «Jusan Bank» АҚ (бұрынғы «Цесна Банк» АҚ, «АТФ Банк» АҚ), «Банк ЦентрКредит» АҚ, «Bank RBK» АҚ және «Нұрбанк» АҚ-ға көрсетілді, - делінген жауапта.

Мәліметке сай, бұл бағдарлама аясында Ұлттық қордың қаражаты жұмсалмаған. Бағдарлама операторы — «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ банктердің 15 жылдық реттелген облигацияларын сатып алған. Қазіргі таңда банктердің міндеттемелерін орындау мерзімі басталмаған.

Мемлекет банктерді мемлекеттік қаражатты мерзімінен бұрын қайтаруды жүзеге асыруға ынталандыру жөнінде шаралар қабылдады. Нәтижесінде Ұлттық Банктің 49,6 млрд теңге сомасындағы қаражаты қайтарылды. Атап айтқанда «Банк ЦентрКредит» АҚ 20 млрд теңге және «Банк RBK» АҚ 29,6 млрд теңге қарызды мерзімінен бұрын өтеді. Қазіргі таңда Ұлттық Банк алдында екінші деңгейлі банктердің осы бағдарлама аясында қалған қарызы – 650,9 млрд теңге, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ Ұлттық банк мемлекет көмегін қайтарту үшін нақты қандай шаралар қарастырылғанын мәлім етті.

Атап айтқанда, бұған дейінгі заңға өзгерістер енгізіліп, мемлекеттен қолдау алған банктерге дивиденд төлеуге шектеу қойылды. Бұл шешім жұмсалған мемлекет қаражаты нәтижесін беруі үшін, банктердің қаржылық тұрақтылығына жағдай жасап, жай-күйін жақсартуы үшін қабылданды. Акционерлеріне дивиденд төлейтін банктерді мемлекеттен алған көмектің бір бөлігін мерзімінен бұрын қайтартуға міндеттейтін нормативтік акт қабылданды. Қазір Ұлттық Банк Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп, банктерді мемлекет қаржысын мерзімінен бұрын қайтартуға ынталандыруға бағытталған жаңа реттеу тетіктерін әзірлеп жатыр. Қарастырылып отырған шаралардың қатарында банктерге (соның ішінде мемлекеттік қолдау алған банктерге) минималды резерв талаптарын қатаңдату да бар, - делінген жауапта.

Фото: Inbusiness

Байланысты жаналықтар

19 кәсіпорын 1,2 мыңнан аса жұмыскеріне жалақы төлемеген

11.03.2025

Былтыр елімізде кәсіпорындар жұмысшылардың 4,5 млрд теңге жалақысын бермеген

13.01.2025

Алматы облысында мұғалімдер жарты жыл бойы жалақы алмапты

19.11.2024

Алданып несие алғандарға көмек көрсетіледі

12.11.2024

Үкімет алдағы 3 жылда қарыздарға 7,2 трлн теңге жұмсайды

07.11.2024
MalimBlocks
19 кәсіпорын 1,2 мыңнан аса жұмыскеріне жалақы төлемеген

Еңбек құқығын бұзудың 995 фактісі анықталды

Былтыр елімізде кәсіпорындар жұмысшылардың 4,5 млрд теңге жалақысын бермеген

Одан бөлек, 8 мыңнан аса еңбек құқығының бұзылуы тіркелген

Алматы облысында мұғалімдер жарты жыл бойы жалақы алмапты

56 мұғалімге тиесілі қарыздың жалпы сомасы 40 миллион теңге

Алданып несие алғандарға көмек көрсетіледі

Алаяқтардың ықпалымен жәбірленушілер банктік және микроқаржылық несиені өздері рәсімдейді

Үкімет алдағы 3 жылда қарыздарға 7,2 трлн теңге жұмсайды

2024 жылы үкіметтік борышқа қызмет көрсетуге 2,02 трлн теңге сомасында шығыстар көзделген