Инвестициялық штаб 45 млрд доллар сомасындағы 90-нан астам жобаны қарастырды – Олжас Бектенов

Malim Админ

  • 08.11.2024

Үкімет ірі бизнестің айналасында шағын және орта бизнес белдеуін дамытуда елеулі әлеуетті көріп отыр. Бұл туралы елордадағы «Адал азамат. Адал еңбек. Адал бизнес» форумында Премьер-министр Олжас Бектенов мәлім етті.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша инвестициялық штаб бизнестің құқығын қорғау бойынша өкілеттігін кеңейтті. Бұл ретте мәселелерді жылдам шешуге және инвестициялық жобаларды іске асыру тәртібін жеңілдетуге мүмкіндік жасалды. Штаб қазірдің өзінде шамамен 45 млрд АҚШ долларын құрайтын 90-нан астам жобаны қарап шықты», - деді О. Бектенов.

Үкімет басшысы бизнеске артық қысымның алдын алудың тағы бір құралы ретінде прокурорлық фильтр тетігін атады.

«Енді кәсіпкерлер мемлекеттік органдардың күмәнді және қажетсіз шектеулерінен қорғалған. Әрине, биыл «жасыл дәліз» тетігін енгізу жұмыстың оң нәтижесі болды, яғни бес күндік мерзімде инвестициялық жобалар бойынша қажет мемлекеттік қызметтерді алуға мүмкіндік берді», - деді Премьер-министр.

Оның сөзіне қарағанда, Үкімет ірі бизнестің айналасында шағын және орта бизнес белдеуін дамытуда елеулі әлеуетті көріп отыр.

«Ірі кәсіпорындар жергілікті компаниялармен белсенді түрде ұзақ мерзімді келісімшарттар бекітуі керек. Бұл өз кезегінде мемлекеттік қолдау алудың міндетті шартына айналады. Мен бұл тапсырманы барлық даму институттарына бердім. Ірі кәсіпорындарға өнім жеткізу тізбегінде жұмыс істей отырып, шағын бизнес табысты тәжірибені үйреніп, өзіндегі сапа стандартын көтеруі қажет», - деді Олжас Бектенов.

Фото: Үкімет 

Байланысты жаналықтар

Мемлекет ұялы байланыс тарифін неге реттей алмай отыр?

16.04.2025

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

16.04.2025

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

15.04.2025

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

14.04.2025

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

14.04.2025

Үкімет жылыту маусымын қорытындылады

14.04.2025
MalimBlocks
Мемлекет ұялы байланыс тарифін неге реттей алмай отыр?

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

Үкімет жылыту маусымын қорытындылады

Энергетика министрлігі электр энергиясы үшін шекті тарифтерді қайта қарады