Министр Мусин Шымкенттегі цифрландыруға оң баға берді

Malim Админ

  • 10.03.2021

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Шымкент қаласына қызметтік сапармен келді. Министр қаладағы және шалғай орналасқан елдімекендердегі цифрландыру бойынша атқарылған жұмыстармен танысып, тұрғындармен кездесті. Соңыра қала әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен өткен мәжіліске қатысып, қаланың бұл бағыт бойынша жткен жетістіктері мен жоспарлары жайлы қалалық цифрландыру басқармасының басшысы Әсет Абдрахановтың баяндамасын тыңдады.

«Өткен жылы қаладағы интернет желісін жақсарту мақсатында министрлікпен жол картасы жасалған. Соған сәйкес, 3 кезең бойынша жұмыс жоспары әзірленді. 1-кезеңде 11 жер учаскесі әзірленіп, антенна-матчталық қондырғылар қойылды. Алтынтөбе, Асар, Асар-2, Ақтас-2, Көкбұлақ, Солтүстік-батыс, Достық, Тұран, Айкөл және Шымкент ситидегі екі жерде базалық станция іске қосылды. Екінші кезеңде 13 жер анықталып, матчталық қондырғылар қою жұмыстары жүріп жатыр», - дейді Әсет Әбдірахманов.

Басқарма басшысының айтуынша, қалада білім және денсаулық саласының толығымен электронды форматқа көшірілген. Қаладағы қоғамдық көліктердің толықтай электронды билеттендіру жүйесіне өткенін де айтты. «Ақылды жаяу жүргінші жолы», «Ақылды есептегіш», «Ақылды көше шамдары» жобалары жоспарланып отыр екен. Алдағы уақытта, осы жоба аясында 303 көше жарықтандырылмақ. Жалпы, Шымкент «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес 100-ге тарта іс-шараны жүзеге асырмақ.

Ал ведомство басшысы атқарылған жұмыстарға оң баға берді.

"Пилоттық жобалардан негізгі жобаларға жылдам өту керек. Тұрғындармен қарым-қатынасты нығайту керек. Орталықтағы маман өңірді жақсы білуі өте маңызды. Құрылысы жүріп жатқан үйлерге су, газ, жылу сияқты, оптикалық интернет те тартылу керек. Өзге қаланың мамандарымен де тәжірибе алмасып, бірге жұмыс жасауға да болады", - деді Мусин.

Байланысты жаналықтар

Мемлекет ұялы байланыс тарифін неге реттей алмай отыр?

16.04.2025

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

16.04.2025

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

15.04.2025

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

14.04.2025

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

14.04.2025

Үкімет жылыту маусымын қорытындылады

14.04.2025
MalimBlocks
Мемлекет ұялы байланыс тарифін неге реттей алмай отыр?

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

Үкімет жылыту маусымын қорытындылады

Энергетика министрлігі электр энергиясы үшін шекті тарифтерді қайта қарады