Президент Орталық Азия мемлекеттері басшыларының, ГФР Канцлері және Германияның ірі бизнес өкілдерінің кездесуіне қатысты

Malim Админ

  • 17.09.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Федералдық канцлер Олаф Шольцке, Орталық Азия елдерінің президенттері мен неміс компанияларының басшыларына ілтипат білдіре отырып, «Орталық Азия – Германия» форматындағы екінші кездесу санқырлы серіктестікті дамытудың жаңа кезеңіне жол ашқанын атап өтті. Қазақстан Президентінің айтуынша, жан-жақты пікір алмасулар мемлекеттер басшыларының ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге ниетті екенін растайды. 

– Германия мен өңірдегі мемлекеттердің арасындағы байланысқа ұдайы дәнекер болып келе жатқаны үшін Германия экономикасы Шығыс комитетіне ерекше алғыс айтамын. Германия – экономикалық және технологиялық инновация саласында әлемдік көшбасшылардың бірі. Бұл елдің өнімдері өзінің сапасымен әйгілі. Ал Орталық Азия – қарқынды дамып келе жатқан, әлеуеті орасан зор әрі өзара тиімді серіктестікке мол мүмкіндік ашатын аймақ. Орталық Азия – Шығыс пен Батыстың, Солтүстік пен Оңтүстіктің арасын жалғайтын алтын көпір. Сондықтан технологияны трансферттеу, өндірісті локализациялау және қосылған құны жоғары өнім шығару ісінің орталығы бола алады.

Осы тұрғыдан алғанда, түрлі салада ынтымақтастық орнатуға дайынбыз. Аса қажетті шикізатты игеру, энергетика, көлік және логистика, қаржы, ауыл шаруашылығы мен ақпараттық технология сияқты салалардағы кооперацияны одан әрі нығайтудың перспективасы мол, – деді Мемлекет басшысы.

Президент кездесуге қатысушылар достық және сындарлы сипатта өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайту жолдарын талқылауға мүмкіндік алғанын айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев идея мен тәжірибе алмасу өңірдегі мемлекеттердің жан-жақты дамуына ықпал ететініне сенім білдірді.

Сөзінің соңында Мемлекет басшысы ашық және мазмұнды диалог үшін кездесу қатысушыларына алғыс айтты

– Біздің жан-жақты талқылауларымыз Орталық Азия мен Германия арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың түрлі салада мол әлеуетке ие екенін көрсетті. Өңіраралық экономикалық кооперацияға тың серпін беретін ауқымды мәселелерді қарастырдық. Оның ішінде, инфрақұрылым мен энергетикадан бастап технология мен инновацияға дейінгі салалар қамтылды, – деді Қазақстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев жиында айтылған Экономикалық кеңес құру туралы ұсынысты қолдады. Аталған орган неміс инвестициясын тартуда және Орталық Азия мемлекеттері мен Германия арасындағы өзара ықпалдастықтың орнықты институционалдық базасын қалыптастыруда белсенді рөл атқара алады.

Фото: Ақорда

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Алматы әкімі Ерболат Досаевты қабылдады

28.03.2025

Ертең Тоқаев Мирзиёевпен Алматыда кездеседі

28.03.2025

Тоқаев​​​​​​​ Еуропалық комиссияның вице-президентімен кездесті

28.03.2025

Ресейде бизнес серіктесін өлтірді деген күдікке ілінген қазақстандық ұсталды

27.03.2025

Тоқаев Арменияның сыртқы істер министрін қабылдады

27.03.2025

Тоқаев Қытай Коммунистік партиясының мүшесін қабылдады

26.03.2025
MalimBlocks
Тоқаев Алматы әкімі Ерболат Досаевты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әкімі Ерболат Досаевты қабылдады

Ертең Тоқаев Мирзиёевпен Алматыда кездеседі

29 наурызда Алматыда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің бейресми кездесуі өтеді

Тоқаев​​​​​​​ Еуропалық комиссияның вице-президентімен кездесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев​​​​​​​ Еуропа Одағының Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі – Еуропалық комиссияның вице-президенті Кая Калласпен кездесті

Ресейде бизнес серіктесін өлтірді деген күдікке ілінген қазақстандық ұсталды

Ресейдің Красноярск өлкесі Шарыпово қаласында қазақстандық ер адам бизнес серіктесін өлтірді деген күдікке ілінді

Тоқаев Арменияның сыртқы істер министрін қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Арменияның сыртқы істер министрі Арарат Мирзоянды қабылдады

Тоқаев Қытай Коммунистік партиясының мүшесін қабылдады

Мемлекет басшысы Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитеті Халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі Лю Цзяньчаоны қабылдады