Қазақстан темір кенін өндіру бойынша үздік 10 елдің қатарында

Malim Админ

  • 07.03.2024

 

АҚШ Геологиялық қызметінің (USGS) мәліметінше, 2022 жылы дүние жүзінде шамамен 2,8 млрд тонна металл өндірілген. Оның ішінде ең көбі - темір. Жалпы өндіріс көлемі 93,3% немесе 2,6 млрд тонна болса, оның құрамындағы темір 1,6 млрд тонна болды. Дүние жүзіндегі темір кені өндірісінің ең үлкен көлемі Аустралияда тіркелді (880 млн тонна). Одан кейін Бразилия (410 млн), Қытай (380 млн) және Үндістан (290 млн тонна).

Ал көршілес Ресейде 90 млн тонна темір кені өндірілді. Қазақстанда, USGS мәліметінше, 2022 жылы темір кенін өндіру көлемі 66 млн тоннаны құрады, бұл көрсеткішпен Қазақстанға әлем бойынша 9-орынға шықты.

EnergyProm мәліметінше,  алюминий, хром, мыс, магний, мырыш және басқалары сияқты өнеркәсіптік металдар жалпы өндірістің 6,6%-ын немесе 185,1 млн тоннаны құрады. Оның ішінде алюминий (69 млн тонна), хром (41 млн тонна) және мыс (22 млн тонна) айтарлықтай көлемді құрады.

Технологиялық және бағалы металдар өндірісінің көлемі 1,5 млн тоннаны құрады, оның ішінде қалайы (310 мың тонна), сирек жер элементтерінің оксидтері (300 мың тонна), молибден (250 мың тонна), кобальт (190 мың тонна) және литий (130 мың тонна).

ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылы қаңтар–желтоқсанда Қазақстанда 53,4 млн тонна темір кені өндірілді, бұл 2021 жылғы қаңтар–желтоқсанмен салыстырғанда 16,1% аз. Сонымен қатар, 2023 жылдың қаңтар–желтоқсан айларында темір кенін өндіру көлемі небәрі 47,6 млн тоннаны құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 10,9% аз.

Сонымен қатар, биыл қаңтарда ҚР-да 4 млн тоннадан сәл астам темір кені өндірілді, бұл 2023 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 10,5% көп.

Байланысты жаналықтар

Киев пен Мәскеу бейбіт келісімге келсе, теңгенің жағдайы не болмақ?

22.05.2025

22 мамырға арналған валюта бағамы

22.05.2025

Қазақстан ХҚД банкінен 46 миллиард теңге қарыз алмақ

21.05.2025

Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды

21.05.2025

21 мамырға арналған валюта бағамы

21.05.2025

Қазақстанның мемлекеттік қарызы 20 млрд долларға жетті

20.05.2025
MalimBlocks
Киев пен Мәскеу бейбіт келісімге келсе, теңгенің жағдайы не болмақ?

22 мамырға арналған валюта бағамы

Қазақстан ХҚД банкінен 46 миллиард теңге қарыз алмақ

Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды

21 мамырға арналған валюта бағамы

Қазақстанның мемлекеттік қарызы 20 млрд долларға жетті