Қазақстандық банк Катар инвесторларына сатылды

Арман Қайыпхан

  • 08.10.2024

"Бәйтерек" холдингі "Bereke Bank" АҚ акцияларының 100 пайызын катарлық Lesha Bank-ке сату бойынша мәмілені аяқтады, деп хабарлайды Malim.kz.

Барлық шарттар екі тараптан да келісілді, мәміле қазақстандық реттеушілердің барлық қажетті мақұлдауын, оның ішінде ҚНРДАкелісімін алды. 

Bereke Bank (бұрынғы "Сбербанк Қазақстан") 2022 жылы "Сбербанктің" қазақстандық нарықтан кетуіне байланысты көптеген қиындықтарға тап баолды. Бірақ соған қарамастан, қазір жағдай тұрақты. Сарапшылардың айтуынша, катарлық инвесторлардың қолдауымен банк елеулі өсімге қол жеткізеді. 

Lesha Bank - Катардың Qatar Financial Center қор биржасында тіркелген ашық компания. Lesha Bank-тің ірі құрылтайшыларының бірі - қазіргі Катар Әмірінің әкесі шейх Хамад бен Халифа Әл Тани. Шейх Хамад өзінің инвестициялық бастамаларымен және мұнай-газ саласына тәуелді экономиканы әртараптандыру стратегиясымен танымал. Бұл саясат әлемге әйгілі QIA инвестициялық қорын құруға әкелді.

2022 жылы Lesha Bank Катардағы инвестициялық банктегі көшбасшылықты қоса алғанда, Euromoney Market leaders рейтингінің 4 санаты бойынша бағаланды. Банк сонымен қатар корпоративтік әлеуметтік бастамалары, цифрлық шешімдері және исламдық қаржыландыру ұсыныстары үшін жоғары бағаланды. 

Катарлықтар үшін Қазақстандағы актив бойынша 10-орындағы банкті сатып алу - Қазақстан мен Орталық Азияның банк нарығына кіру мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар Қазақстандағы жоспарланған көп миллиардтық инвестициялармен байланысты қаржы ағындарын бақылау тетігі. Бұл дамушы нарықтардағы араб инвесторлары арасында жиі кездесетін тәжірибе, онда арабтар кейінгі инвестицияларын қолдау үшін қаржылық инфрақұрылымды бақылауға алады. 

Қазақстан үшін Lesha Bank және басқа да катарлық инвесторларды тарту - өте маңызды. Катарлықтар бүкіл әлем бойынша табысты әрі ұзақ мерзімді инвесторлар ретінде танымал. 

Биылдың өзінде Қазақстанда катарлықтар телеком, газ және энергетика салаларындағы миллиардтаған долларлық жобаларға инвестиция салу жоспарлары туралы мәлімдеді. Егер инвестициялар сәтті болса, онда басқа катарлық инвесторлардың да қызығушылығы пайда болады. 

Бұл жерде Парсы шығанағының бай араб елдері арасындағы инвестициялық мүмкіндіктер үшін бәсекелестік туралы ұмытпаған жөн. Катардың жетістіктері БАӘ, Сауд Арабиясы және инвестициялық белсенділігі жоғары басқа елдердің инвесторларының қызығушылығын арттыруы әбден мүмкін. 

Фото: "Bereke Bank" АҚ

Байланысты жаналықтар

Олжас Бектенов: Экономиканы әртараптандыру – Үкіметтің басты міндеттерінің бірі

21.11.2024

Гүлнұр Мамасарипова мерейтойын шетелде атап өтті

21.11.2024

Қазақстандағы банктер үшін бірыңғай QR-код іске қосылады

15.11.2024

В Шымкенте к природному газу подключили еще один населенный пункт

14.11.2024

Ұлттық қордан тағы 2 триллион теңге алынады

13.11.2024

Креативті индустрияны дамытуға қатысты жаңа нормалар енгізіледі

13.11.2024
MalimBlocks
Олжас Бектенов: Экономиканы әртараптандыру – Үкіметтің басты міндеттерінің бірі

Өңдеу өнеркәсібінің үлесі 47%, шикізат секторының үлесі 45%-ды құрады

Гүлнұр Мамасарипова мерейтойын шетелде атап өтті

Продюсер бұл құрбыларының сыйлығы екенін айтты.

Қазақстандағы банктер үшін бірыңғай QR-код іске қосылады

Ол азаматтарға жылдам әрі ыңғайлы QR-төлем жасауға мүмкіндік береді

В Шымкенте к природному газу подключили еще один населенный пункт

Ұлттық қордан тағы 2 триллион теңге алынады

Креативті индустрияны дамытуға қатысты жаңа нормалар енгізіледі

Заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды