Қазақстанның Атом өнеркәсібін дамыту қауымдастығының мәлімдемесі

Қазақстанның атом өнеркәсібін дамыту қауымдастығы Үкіметтің бірінші атом электр станциясын (бұдан әрі – АЭС) салу бастамасын қолдайды.

Malim Админ

  • 28.08.2024

Әр ұлттың дамуында болашақ ұрпақтың тағдыры шешілетін маңызды кезеңдер болады. Солардың бірі – АЭС салу мәселесі, бұл шешім біздің технологиялық және өндірістік дамуымызға қарай қадам басуымызды не болмаса тек шикізат өндіру мен экспортқа тәуелді экономика ретінде қалуымызды айқындайды.

Менің және менің әріптестерімнің қауымдастықтағы міндеті – балаларымызға, немерелерімізге және шөберелерімізге гүлденген және дамыған елді қалдыру үшін бар күш-жігерімізді жұмсау.

Жаратқан иеміз Қазақ станға уранның ерекше қорларын нәсіп етті, және осы байлықты дұрыс игеріп, өз ісіне адал менеджменттің арқасында елімізді әлем бойынша ең ірі өндірушіге айналдырды. Енді жетекші мемлекеттер өз дамуы мен жетістіктері үшін Қазақстандық табыс тарихына сүйеніп отыр. Бізге де енді бейбіт атомның игілігін пайдаланып, ұлтымыздың дамуына жол ашатын уақыт келді.

Біздің жеріміз бен халқымыз ядролық қарудың зардаптарынан өткен ауыр сынақтарды бастан кешірді. Бұл қайғылы оқиға тек тарихымызға жара салып қана қоймай, Қазақстанға бейбіт атом мәселелерімен айналысуға ерекше моральдық құқық береді деп есептеймін. Қазақстан халқының атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалануды қолдауы тек коммерциялық тұрғыдан ғана емес, бұл біздің ұлтымыздың кемелденгенінің белгісі, жасөспірімдік максимализмнен өтіп, болашаққа салқынқандылықпен қарап, ең жақсы перспективаларды таңдап алуымыздың айғағы.

Бұл – Қазақстан әлемдік деңгейде жетекші орын алатын салалардың бірі және халықаралық аренада өз ұстанымын сәтті қорғай алатын сала.
Бұл – Қазақстандықтардың мыңдаған адамға табысты мансап жолын ашатын салалардың бірі. Бұл – менің өзімді тапқан салам, және менің отандастарым да өздері мен балалары үшін әл-ауқат құрып, Отанымыздың гүлденуіне берік негіз қалайды деп сенемін.

Бұл – әлемнің ең дамыған елдерінің экономикалық өсуін ешбір дау-дамайсыз, тәулік бойы және ауа райына қарамастан қолдайтын сала. Мен біздің республика да осы елдердің қатарына қосылу мүмкіндігіне ие болғанын қалаймын және атом өнеркәсібі бізге бұл мүмкіндікті беретініне сенімдімін.
Өз тарапымнан, Қазақстанның атом өнеркәсібін дамыту қауымдастығының төрағасы ретінде, осы жобадан еліміздің тұрғындары мен бизнесі үшін ең жоғары пайда алуына бар күш-жігерімізді салатынымызды жауапкершілікпен мәлімдеймін.

Құрметпен, Алдияр Тоқтаров
Атом өнеркәсібін дамыту қауымдастығының Төрағасы

Фото: Видеодан скрин
 

Байланысты жаналықтар

Қазақстанда АЭС салатын компаниялардың тізімі шықты

22.01.2025

Атом электр станциясының құрылысын жеделдету керек - Тоқаев

08.01.2025

Қазақстанда екінші және үшінші АЭС салынуы мүмкін

03.01.2025

АЭС Курчатов қаласында салына ма? Бектенов жауап берді

03.12.2024

Лавров: Ресей Қазақстанда АЭС салатын халықаралық консорциум жұмысына атсалысуға ниетті

07.11.2024

АЭС-ті Ресей салған жағдайдағы саяси тәуекелдер. Скляр не деді?

08.10.2024
MalimBlocks
Қазақстанда АЭС салатын компаниялардың тізімі шықты

АЭС салуға үміткер ретінде төрт компания тіркелді

Атом электр станциясының құрылысын жеделдету керек - Тоқаев

Қазақстанда екінші және үшінші АЭС салынуы мүмкін

Бұл туралы президент Ana tili газетіне берген сұхбатында айтты

АЭС Курчатов қаласында салына ма? Бектенов жауап берді

Курчатовтың ғылыми қалаға айналуына барлық негіз бар

Лавров: Ресей Қазақстанда АЭС салатын халықаралық консорциум жұмысына атсалысуға ниетті

«Росатом» бұл мәселені шешуге қажетті өз құзыретін ұсынуға толығымен дайын», – деді ол.

АЭС-ті Ресей салған жағдайдағы саяси тәуекелдер. Скляр не деді?

Шартта санкциялық келісім қарастырылатын болады