Шағынауданының инфрақұрылымының құрылысы жыл соңында толық бітеді

Айбек Ережеп

  • 17.05.2021

Шағынауданының инфрақұрылымының құрылысы жыл соңында толық бітеді

Асар-2 шағынауданында инфрақұрылым жүйелерімен қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан құрылыс жұмыстарын Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Б. Булатбеков қадағалап шықты.

Асар-2 шағынауданында ауыз су жүйелерінің құрылысы 2020 жылдың мамыр айында басталған болатын. Қазіргі уақытта жұмыстың 60 пайызы аяқталған. Ұзындығы 156,1 шақырымды құрайтын ауыз су құбырының құрылысы 2021 жылдың қазан айында аяқталып, пайдалануға беріледі. Нәтижесінде Асар-2 шағын ауданындағы 2 723  абонент таза сумен қамтылатын болады.

Сондай-ақ, Асар-2 шағынауданын табиғи газбен қамту мақсатында мердігер мекеме «Отау строй» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстарының 92,2 % аяқталған. Жоспар бойынша құрылысты ағымдағы жылдың қараша айына дейін аяқтап, 2771 тұрғын үйді газбен қамтамасыз ету көзделуде.

Аталған елдімекенді сапалы электр қуатымен қамту мақсатында құрылыс жұмыстарын жүргізуге 2019 жылы бюджеттен қаржы қаралып, мердігер мекеме «Ремстрой Алматы» АҚ анықталған.

Қазіргі таңда Асар-2 шағын ауданындағы  ішкі электр желілерінің құрылыс жұмыстары аяқталып, қосуға дайын.  Алайда қосылатын көзі 110 кВ "1-М-1" қосалқы станциясының және 220 кв "Бозарық" қосалқы станциясының құрылысы жүргізілуде. Қосалқы станцияның құрылысы  шілде айында аяқталатын болады.

Аталған екі нысанның құрылысы аяқталғаннан кейін жаңа желілерге электр қуаты беріледі. Нәтижесінде 2765 тұрғын үй сапалы электр қуатымен қамтамасыз етіледі.

Байланысты жаналықтар

"Проблеманы көбірек айту керек". Бектенов QazaqGaz басшысына ұрысты

23.04.2025

Испания үкіметі "Көкжиде" жерасты су орнын зерттеуге грант бөледі

23.04.2025

Енді бюджет бойынша лимит сақтамаған әкімдер жазаланады

19.04.2025

Доллар бағасы сәл арзандады

18.04.2025

Үкіметте көлік және темір жолдарды дамыту жөніндегі инвестициялық жобалар қаралды

18.04.2025

Екінші деңгейлі банктер 650,9 млрд теңге қарызын қайтармаған

18.04.2025
MalimBlocks
"Проблеманы көбірек айту керек". Бектенов QazaqGaz басшысына ұрысты

Испания үкіметі "Көкжиде" жерасты су орнын зерттеуге грант бөледі

Енді бюджет бойынша лимит сақтамаған әкімдер жазаланады

Елімізде өңірлік деңгейде мемлекеттік борышты басқару тиімділігін арттыру бойынша шаралар қабылданды

Доллар бағасы сәл арзандады

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 524 теңгеден сатылып жатыр

Үкіметте көлік және темір жолдарды дамыту жөніндегі инвестициялық жобалар қаралды

Екінші деңгейлі банктер 650,9 млрд теңге қарызын қайтармаған