Шымкентте «Бір үй, бір бірлестік, бір шот» жүйесі енбек

  • 30.04.2021

Шымкент қаласының әкімдігі «Бір үй, бір бірлестік, бір есепшот» қағидасы бойынша тұрғын үйдің басқару жүйесін бір ізге келтіргісі келеді.  Яғни, көп қабатты тұрғын үйлерде кондоминиум объектілерін басқарудың жаңа жүйесі «Мүлік иелерінің бірлестігі» (МИБ) немесе «Жай серіктестіктігін» (ЖС) енгізбек.  Жалпы бүгінде Шымкенттегі жалпы тұрғын үй қоры– 2 236 болса, оның 130 коммуналдық үй, 1 672-сі кондоминиум нысан боп тіркелсе,

 471 үй тіпті тіркелмеген. Міне, осында түрлі нысандарды тіркеуді бір іздендіріп, әр үйге жеке бірлестік және бір шот жасағысы келеді. Бұ бағыттағы жаңа реформаның мақсаты не?  Енгізілмек «Мүлік иелерінің бірлестігі» (МИБ) немесе «Жай серіктестіктігі» (ЖС) айырмасы қандай?

Шымкент қалалық Орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Ғалымжан Өтенбаев бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында брифинг өткізіп, тілшілердің осы сұрағын жауап берді.

 

–Аталған бағдарламаның артықшылығы – кондоминиум нысандарын меншік иелері тарапынан бақылауды қамтамасыз ету, басқару органдары қызметінің ашықтығын арттыру және ортақ мүлікке күрделі жөндеу жүргізудің жаңа тетігін енгізу.

«Мүлік иелерінің бірлестігі» (МИБ) – коммерциялық емес ұйым. Яғни, көп қабатты тұрғын үй пәтерлері және тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері құрған кондоминиум нысанын басқаруды жүзеге асыратын, оны күтіп-ұстауды қаржыландыратын және сақталуын қамтамасыз ететін заңды тұлға. Бұл жағдайда пәтер және тұрғын емес үй-жай меншік иелерінің 51 пайызының келісімі қажет. Ал «Жай серіктестік» (ЖС) – бір көп қабатты үйдің пәтерлері және тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері кондоминиум нысанының ортақ мүлкін сақтауды қамтамасыз етуге арналған серіктестік. Осы орайда пәтер және тұрғын емес үй-жай меншік иелерінің 100 пайыз келісімі болуы шарт, – деді ол.

Байланысты жаналықтар

Мемлекет ұялы байланыс тарифін неге реттей алмай отыр?

16.04.2025

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

16.04.2025

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

15.04.2025

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

14.04.2025

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

14.04.2025

Үкімет жылыту маусымын қорытындылады

14.04.2025
MalimBlocks
Мемлекет ұялы байланыс тарифін неге реттей алмай отыр?

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

Үкімет жылыту маусымын қорытындылады

Энергетика министрлігі электр энергиясы үшін шекті тарифтерді қайта қарады