«TM AND ART EDUCATIONAL SCHOOL»

Айбек Ережеп

  • 21.09.2021

«TM AND ART EDUCATIONAL SCHOOL»

 

Шымкентте халық саны жылдам өсіп келеді. Миллионан астам тұрғыны бар қаланың мектептеріне биыл 233 мыңнан астам оқушы барды. Оның ішінде 25 мың бала мектеп табалдырығын алғаш мәрте аттады.

Халық санының өсуі жаңа мектептер ашу мәселесін өзектендірді. Мектептер жетіспеушілігі мәселесін шешуде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік оң нәтижесін көрсетіп келеді. Қаланың іскерлік ортасы білім саласын жетілдіруге үлес қосуда. Қазір Шымкент білім саласына инвестиция тарту бойынша республикада көшбасшы қала санатында.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде табысты жүзеге асқан жобалардың бірі - «TM and ART educational school» мектебі.   Қонаев даңғылы бойындағы бұрыңғы сауда орталығы бастауыш мектеп ретінде қайта құрылымдаудан өткізіліп, биылғы оқу жылында алғашқы оқушыларға есік ашты. Қазір мектепке 202 бала қабылданған.

Жекеменшік білім беру нысанында модификацияланған пән кабинеттері жасақталған, оқу сыныптары интерактивті тақталар және панельдермен жабдықталған. Балалар қауіпсіздігін сақтауда бейнебақылау жүйелері орнатылып, ата-аналар өз перзенттерінің білім беру ұйымындағы іс-қимылын смартфон арқылы онлайн-режимде бақылай алады. Мектепте  спортзал, кітапхана, асхана, гимнастикалық зал қарастырылып, робототехника пән кабинеттері жасақталған.

Мектепте ата-аналардың қалауы бойынша ақылы түрде түрлі шығармашылық топтар мен үйірмелер жұмыс істейді. Дизайн, таэквандо, дзюдо, хореография, көркем гимнастика, этика, сурет салу, брейк-данс және ағылшын тілі үйірмелерінің жетекшілігіне кәсіби мамандар, оның ішінде жоғары білікті шетелдік ұстаздар тартылған. Білім беру ұйымында логопед маман да қарастырылып, тіл кемістігі бар балаларды дұрыс сөйлей білуге дағдаландырады.

Жекеменшік білім беру ұйымдарына бюджеттік мектептерге қойылатын талаптар қолданылады. Ұстаздардың біліктілігі мен балалардың білім деңгейі салалық мемлекеттік құрылымдар тарапынан тұрақты бақылауда болады.

Байланысты жаналықтар

Мемлекет ұялы байланыс тарифін неге реттей алмай отыр?

16.04.2025

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

16.04.2025

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

15.04.2025

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

14.04.2025

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

14.04.2025

Үкімет жылыту маусымын қорытындылады

14.04.2025
MalimBlocks
Мемлекет ұялы байланыс тарифін неге реттей алмай отыр?

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

Үкімет жылыту маусымын қорытындылады

Энергетика министрлігі электр энергиясы үшін шекті тарифтерді қайта қарады