Ұлытау облысында салық кодексіндегі түзетулер талқыланды

Сабина Асқарқызы

  • 13.02.2025

Ұлытау облысында ҚР қаржы вице-министрі Дәурен Темірбековтің өңірдегі бизнес-қоғамдастықпен кездесуі өтті. Жиынға 200-ден астам кәсіпкер қатысты, деп хабарлайды Malim.kz.

ҚР қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков Үкіметтің дифференциалды ҚҚС мөлшерлемелері бойынша ұсыныстарын таныстырды. Бұл бастамаға сәйкес, ҚҚС-тың жалпы мөлшерлемесін 16% деңгейінде белгілеу ұсынылады, ал ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер салықтан толық босатылады. Кейбір салалар үшін 10% аралық мөлшерлеме енгізілмек. Осылайша, Үкімет ұсынған ҚҚС мөлшерлемелерінің дифференциациясы келесідей: 16%, 10%, 0%, салықтан босату.

Кездесу барысында жергілікті кәсіпкерлер салық заңнамасына енгізілетін өзгерістерге қатысты өз пікірлерін білдірді. Бизнес-қоғамдастық атынан Ұлытау облысының Кәсіпкерлер және өнеркәсіпшілер қауымдастығының төрайымы Надежда Ким, Өңірлік кеңес мүшесі, "Жангаскинова" ЖК негізін қалаушы Шолпан Жангаскинова, Жаңаарқа ауданы мәслихатының депутаты, "Ералиев" АӨК төрағасы, "Қоғалы көл" шаруа қожалығының басшысы Жанболат Жуанышбаев және басқа да кәсіпкерлер сөз сөйледі.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Салық және кеден саясаты департаментінің директоры Ерлан Сағынаев ҚҚС мөлшерлемесінің көтерілуі үй маңындағы дүкендерге, мейрамханаларға, сұлулық салондарына және басқа да бөлшек сауда нысандарына әсер етпейтінін атап өтті.

Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Гүлмира Қаженова өңірлік бизнес өкілдерімен мұндай кездесулер "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасының жұмыс істеп жатқанын көрсететінін айтты. Өз кезегінде, "Атамекен" ҰКП әрбір заңнамалық бастама кәсіпкерлер мен инвесторлардың мүдделерін ескере отырып, жан-жақты талданады деп күтеді.

Кездесу қорытындысы бойынша өңірлердегі бизнес өкілдерінің пікірі салық реформаларын одан әрі жетілдіру барысында міндетті түрде ескерілетіні атап өтілді.

Фото: Үкімет

Байланысты жаналықтар

Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

16.04.2025

Ұлытау облысында Жеңістің 80 жылдығына қандай шаралар жоспарланған?

16.04.2025

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

16.04.2025

Ұлытауда Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық Кеңесінің отырысы өтті

15.04.2025

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

14.04.2025

Үкімет жылыту маусымын қорытындылады

14.04.2025
MalimBlocks
Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

Қайтыс болған бір адамға 6 шаршы метр жер мемлекеттен тегін беріледі

Ұлытау облысында Жеңістің 80 жылдығына қандай шаралар жоспарланған?

2025 жылы еліміз Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын атап өтеді.

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

Ұлытауда Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық Кеңесінің отырысы өтті

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

Үкімет жылыту маусымын қорытындылады

Энергетика министрлігі электр энергиясы үшін шекті тарифтерді қайта қарады