freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Экс-судья Сайлыбаева ісін Ресей жүргізуі мүмкін

Құқық
Экс-судья Сайлыбаева ісін Ресей жүргізуі мүмкін
Қ.Сайлыбаевтың жеке архивінен

Қазақстан Германияда кісі қолынан қаза тапқан экс-судья Айгүл Сайлыбаевтың күйеуі мен енесінің азаматтығын анықтау үшін Ресейге халықаралық тергеу тапсырмасын берді. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысынан кейін Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев айтты.

Оның атап өтуінше, еліміздің Ішкі істер министрлігі азаптау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаған. 

— Ресей Федерациясына екі тұлғаның да азаматтығын анықтау үшін халықаралық тергеу тапсырмасы жіберілді. Өздеріңіз білетіндей, Ресей де, бізде өз азаматтарымызды бермейміз. Біз олардың азаматтығын анықтағаннан кейін қылмыстық істі тиісті жазаларын алуы үшін ресейлік тарапқа береміз, — деді Бас прокурордың орынбасары.

Ғалымжан Қойгелдиевтің сөзінше, РФ Тергеу комитетінің төрағасы Александр Бастрыкин аталған істі жеке бақылауына алған. Дегенмен, ол нақты мерзімін әзірше айта алмайтындығын атап өтті.

Бұған дейін еліміздің Ішкі істер министрлігі Германияда кісі қолынан қайтыс болған Айгүл Сайлыбаеваның күйеуі Александр Донцов пен оның анасы Наталья Донцоваға іздеу салғанын жазған едік.

Кейін Ресей Тергеу комитеті осы іске қатысты процессуалдық тексеру жүргізіп жатқаны белгілі болды. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу