Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Экс-судья Сайлыбаеваның өлімі: Ресейдің Тергеу комитеті тексеріс бастады

Құқық
Экс-судья Сайлыбаеваның өлімі: Ресейдің Тергеу комитеті тексеріс бастады
instagram.com/podslushano.de

Қазақстанның бұрынғы судьясы Айгүл Сайлыбаеваны Германияда өлтірді деген күдіктілер Мәскеуде жүруі ықтимал деген ақпарат тексерілмек. Мұндай тапсырманы Ресей Тергеу комитетінің төрағасы Александр Бастрыкин берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тексеруге ресейлік телеарна эфирінде шыққан, Сайлыбаеваға арналған сюжет себеп болған.

Онда "оның өліміне енесі мен бұрынғы күйеуінің қатысы бар болуы, олар Германияда қылмыстық іс қозғалғаннан кейін Мәскеуге қашып кетуі мүмкін" деп көрсетіледі. Осыған байланысты марқұмның ата-анасы Ресей Тергеу комитетінің төрағасы Александр Бастрыкинге жүгінген. Сюжеттегі уәждерге сәйкес, РФ Тергеу комитетінің Мәскеу қаласы бойынша тергеу органдары процестік тексеріс ұйымдастырғаны айтылған.

Айгүл Сайлыбаеваның өлімі

2024 жылғы маусымда Германияда қазақстандық Айгүл Сайлыбаеваның жоғалып кеткені белгілі болды. Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, 5 маусымда Қазақстанның Франкфурт-на-Майн қаласындағы бас консулдығына Қазақстан азаматтары екі күн бұрын жоғалған қызы бойынша жүгінген.

Кейін жоғалған әйелдің денесі Бенсхайм қаласының маңынан табылғаны туралы ақпарат шықты. Немістің Bild басылымы мәйіттің пластик қапта болғанын, ал әйелдің өлім алдында зорлық көргенін хабарлады.

Германияның құқық қорғау органдары адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Германия Сыртқы істер министрлігінің мәліметіне сәйкес, Дармштадт қаласының сот шешімімен Сайлыбаеваның енесі Наталья Донцова күдікті деп танылған. Оған Германия бойынша және бүкіл Еуропа аумағында қамауға алу туралы ордер берілген.

Қазақстан ІІМ бұрынғы судья Айгүл Сайлыбаеваны азаптау дерегі бойынша тергеуді бастаған. Қазақстанда марқұмның күйеуі мен енесіне іздеу жарияланған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу