Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Кремль Қадыровтың қазасына дайындықты бастады: Ендігәрі Шешенстанды кім басқарады?

Әлем
Кремль Қадыровтың қазасына дайындықты бастады: Ендігәрі Шешенстанды кім басқарады?
"Важные Истории" коллажы

Соңғы аптадағы ең өзекті тақырыптардың бірі – Рамзан Қадыров қайтыс болған жағдайда Шешенстанның жаңа басшысы кім болады деген сұрақ. Мұндай әңгімелерге Қадыровтың денсаулығының күрт нашарлауы себеп болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Желтоқсан айының соңында Қадыров Мәскеуде шұғыл түрде ауруханаға жеткізілгені туралы "Новая газета" жазды. Ал 11 қаңтарда украиналық БАҚ барлау көздеріне сүйене отырып, Қадыровтың бүйрегі істен шыққанын, ауруханаға жақын туыстары жиналғанын хабарлады.

"Важные истории" басылымына Кремльге жақын дереккөз Шешенстандағы билік мәселесі "өте ауыр әрі күрделі" екенін айтып, бұл бағытта Кремльдің белсенді жұмыс істеп жатқанын жеткізген. Ал тағы бір кремльшіл дереккөз:

"Қадыров тірі тұрғанда, ештеңе өзгермейді", – дейді.

Сол дереккөздің айтуынша, Шешенстанда болып жатқан жағдайлар қатаң құпия сақталып отыр:

"Ел ішіндегі жағдай туралы ешкім ашық айтпайды. Халықты қорқытып қойған. "Егер ақпарат сыртқа шықса – жеті атаңа дейін жоямыз" деп ескертілген".

Адам Қадыров – болашақ мұрагер ме?

Қоғамда Қадыровтың 18 жастағы ұлы Адам Қадыров негізгі мұрагер ретінде жиі аталады. Алайда заң бойынша ол Шешенстан басшысы бола алмайды – кемінде 30 жаста болуы керек, яғни 2037 жылдан ерте емес.

Адам Қадыров 2023 жылы СИЗО-да Никита Журавельді ұрғаннан кейін кеңінен танылды. Бұл оқиға, "Новая Европа" жазуынша, Рамзан Қадыровтың ауруы туралы ақпаратты көлеңкеде қалдыру үшін жасалған пиар-науқан болған.

2025 жылдың сәуіріне қарай Адам Қадыров Шешенстан Қауіпсіздік кеңесінің төрағасына дейін көтерілді – бұл аймақтық министр деңгейіндегі лауазым. Қадыров ұлының айналасында бейресми "күш орталығын" қалыптастырып жатыр.

Негізгі үміткерлер: Делимханов пен Даудов

Кремль мен Грозныйда ең ықтимал сценарий – Қадыровқа адал, бірақ уақытша басшы тағайындау. Бұл адам Адам Қадыров 30 жасқа толғанға дейін билікті ұстап тұруы мүмкін.

Басты кандидаттар – Беной тейпінен шыққан Қадыровтың ең жақын серіктері:

  • Адам Делимханов – Мемлекеттік дума депутаты, Қадыровтың сенімді серігі
  • Магомед Даудов – Шешенстан үкіметінің төрағасы

Сарапшылардың айтуынша, Мәскеу үшін басты талап – Шешенстанның тұрақтылығы, кланаралық соғыстың болмауы және Қадыров режимінен жапа шеккендердің көтерілісіне жол бермеу.

Қадыровтың қосымша жоспары: шетелге кету

Дереккөздердің айтуынша, Қадыров Мәскеудің қауіпсіздік кепілдігіне толық сенбейді. Сондықтан ол Таяу Шығыс елдерімен, әсіресе БАӘ-мен жасырын келіссөздер жүргізген.

Қадыровтың туыстары мен серіктерінің БАӘ-де жылжымайтын мүліктері бар. Өткен жылы Қадыровтың жиені Хамзат Чимаев БАӘ азаматтығын алған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу