«1 млрд жымқырды» деп айыпталған экс-шенеунік Болат Мажағұловтың соты өтуде

Екі күдікті де тағылған айыптармен келіспей отыр

Malim Админ

  • 09.12.2024

Елорданың Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Астана қаласы Мәдениет басқармасының бұрынғы бастығы Болат Мажағұловтың ісі қаралып жатыр.


Оған «сеніп тапсырылған бөтеннің мүлігін иемдену немесе талан-таражға салу» бабы бойынша айып тағылған. Сыбайласы ретінде Мәди Қанапинге де күдік келтірілген.

Экс-шенеуніктің адвокаттары бұлтартпау шарасын ауыстыруды сұрағанымен, сот оның ұсынысын қабыл алмады. Екі күдікті де тағылған айыптармен келіспей отыр. Өздерінің кінәсін мойындамады.

Айта кету керек, биыл қыркүйек айында аталған айыпталушылар 2016 жылы салынған «Күн» атты субұрқақ құрылыс кезінде 1 млрд-тан астам қаржыны қолды етті деген күдік бойынша ұсталған еді. Өйткені, 2017 жылдан бері бұл су бұрқақ апатты жағдайда деп танылған. Және оның құрылысы мемлекеттік сатып алу рәсімдерін бұза отырып жүргізілген. Жоба-сметалық құжаттамасы мүлде болмаған. Мемлекеттік сараптамадан да өтпеген.

Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша, құрылыс салу кезінде техникалық сипаттамаларға сәйкес келмейтін, сапасы нашар материалдар пайдаланылған.

Сонымен қатар, Болат Мажағұловтың 3 коммерциялық нысаны, 2 автотұрағы мен қымбат пәтері бұғатталып отыр. Екі күдіктінің 572 миллион теңгеден астам қаражатына шектеу салынды.

Фото: Вечерняя Астана 

Байланысты жаналықтар

Жезқазған тұрғыны қызды интимдік видеосын жариялаймын деп бопсалаған

02.04.2025

Адам зорлады: Қаскелеңде сот ғимаратынан күдікті қашып кетті

01.04.2025

Семейде баланы соққыға жыққан жасөспірімдердің ата-анасына үкім шықты

01.04.2025

Францияда белгілі оппозиция басшысы Марин Ле Пен бас бостандығынан айырылды

31.03.2025

Ақтөбе облысында балаларын өлтірді деп айыпталған әйел қамауға алынды

27.03.2025

Қазақстан футболындағы дау: 3 млрд теңге қайда жұмсалды?

27.03.2025
MalimBlocks
Жезқазған тұрғыны қызды интимдік видеосын жариялаймын деп бопсалаған

Адам зорлады: Қаскелеңде сот ғимаратынан күдікті қашып кетті

1 сәуірде Алматы облысында аудандық сот ғимаратынан зорлау бойынша күдікке ілінген адам тергеу барысында қашып кеткен

Семейде баланы соққыға жыққан жасөспірімдердің ата-анасына үкім шықты

Семейде оқушыны соққыға жығып, видеоға түсірген жасөспірімдердің ата-анасына үкім шықты

Францияда белгілі оппозиция басшысы Марин Ле Пен бас бостандығынан айырылды

Ақтөбе облысында балаларын өлтірді деп айыпталған әйел қамауға алынды

Ақтөбеде балаларын өлтірді деген күдікке ілінген әйелді қамауға алынды

Қазақстан футболындағы дау: 3 млрд теңге қайда жұмсалды?

Бас прокуратура Қазақстан футболында бұрынғы федерация басшылығы кезінде жасалған бұзушылықтарды анықтады