Air Astana 12 жастағы қызды ұшаққа отырғызбағаны үшін 5 млн теңге төлейді

Арман Қайыпхан

  • 28.10.2024

Сот Air Astana әуе компаниясын 12 жастағы қызды ұшаққа отырғызбағаны үшін оның анасына 5 млн теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеуге міндеттеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы адвокат Данилхан Шағатев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

20 шілдеде Зере және Зәуре атты егіз қыз Америкадан елге қайтқан. Олар сенімді өкілмен, бір топ баламен саяхаттаған. Қайтарда Астана арқылы транзитпен Оралға ұшуы керек болған, бірақ Зерені компания бортқа кіргізбей, жалғыз өзін тастап кеткен. Ал сенімді өкіл басқа балалармен ұшып кеткен.

Әуежайдағы камералардың жазбаларынан 12 жастағы қыздың 3 сағат жылап тұрғанын көруге болады.

Осы оқиғадан кейін FlyArystan басшысы баланың анасымен кездесіп, кешірім сұрап, өтемақы ретінде 4 млн теңге ұсынған. Бірақ әйел одан бас тартып, сотқа жүгінген.

FlyArystan әуе компаниясы сыйымдылығы 188 орындық ұшақты 180 орындық бортқа ауыстырғаны анықталды. Нәтижесінде Зере 181-жолаушы ретінде тіркеліп, ұшаққа отыра алмаған.

Фото: Көлік министрлігі

Байланысты жаналықтар

Миллиард теңге жымқырған экс-шенеунік Қожағапанов 3 жылға сотталды

19.05.2025

Полиция туыстарына естіртпей адам жерлегені үшін айыппұл төлейтін болды

16.05.2025

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

15.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

14.05.2025
MalimBlocks
Миллиард теңге жымқырған экс-шенеунік Қожағапанов 3 жылға сотталды

Полиция туыстарына естіртпей адам жерлегені үшін айыппұл төлейтін болды

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды