Бишімбаевтың жазасын жеңілдетуге уәде берген әйел 10 жылға сотталды

Арман Қайыпхан

  • 28.10.2024

Астанада алаяқтық жасады және Қуандық Бишімбаевтың анасын пара беруге итермеледі деп айыпталған Людмила Грачеваның ісі бойынша алқа билер соты шешім шығарды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұған дейін прокурор Людмила Грачеваны Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын. Яғни ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен «Аса ірі көлемдегі алаяқтық» ҚР ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігінің «Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу»; ҚК-нің 367-бабының 4-бөлігімен «Аса ірі мөлшерде пара беру» бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 28-бабының 4-бөлігінде «Арандату» қолданылып, қылмыстық іс қозғалды.
Людмила Грачева сотталған Қуандық Бишімбаевтың жазасын жеңілдетуге арналған 100 миллион теңгені жымқырды деп айыпталып отырғаны белгілі болды.

Сотталушының кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, сараптамалардың қорытындыларымен, жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерімен, бейнежазбамен және қылмыстық іс бойынша басқа да материалдармен дәлелденді.

Сотта прокурор айыпты қолдап, 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Сотталушының жас балаларының болуын сот қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай деп таныды. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. Сот үкімімен алқабилер сотымен Г. ҚК 24-бабының 3-бөлігі – 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы, 28-бабының 4-бөлігі – 367-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп танылып, қылмыстар жиынтығы бойынша (ҚК-нің 58-бабы) 10 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ, - делінген хабарламада.

Фото: Жоғары сот

Байланысты жаналықтар

Жезқазған тұрғыны қызды интимдік видеосын жариялаймын деп бопсалаған

02.04.2025

Жамбыл облысында жүріп-тұруына пара алған шенеунік сотталды

01.04.2025

Адам зорлады: Қаскелеңде сот ғимаратынан күдікті қашып кетті

01.04.2025

Семейде баланы соққыға жыққан жасөспірімдердің ата-анасына үкім шықты

01.04.2025

Францияда белгілі оппозиция басшысы Марин Ле Пен бас бостандығынан айырылды

31.03.2025

Әкімдіктің лауазымды тұлғалары пара алғаны үшін сотталды

31.03.2025
MalimBlocks
Жезқазған тұрғыны қызды интимдік видеосын жариялаймын деп бопсалаған

Жамбыл облысында жүріп-тұруына пара алған шенеунік сотталды

Жамбыл облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясы басшысының м.а. сотталды

Адам зорлады: Қаскелеңде сот ғимаратынан күдікті қашып кетті

1 сәуірде Алматы облысында аудандық сот ғимаратынан зорлау бойынша күдікке ілінген адам тергеу барысында қашып кеткен

Семейде баланы соққыға жыққан жасөспірімдердің ата-анасына үкім шықты

Семейде оқушыны соққыға жығып, видеоға түсірген жасөспірімдердің ата-анасына үкім шықты

Францияда белгілі оппозиция басшысы Марин Ле Пен бас бостандығынан айырылды

Әкімдіктің лауазымды тұлғалары пара алғаны үшін сотталды

Солтүстік Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша жұмыс жалғасып жатыр