БҚО әкімі зымыран қалдықтарының құлауына байланысты пікір білдірді

Malim Админ

  • 12.11.2024

Malim.kz тілшісі Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтен Ресей тарапына жалға берілген полигон жерінің мәселесі туралы сұрады. Әкімнің сөзінше, ракета полигонын орналастыру екі ел арасындағы халықаралық келісім негізінде жүзеге асырылады. 


"Қаржы мемлекеттік бюджетке түседі. Полигонды қалай пайдалану керек, қандай жұмыстар атқарылуы керек, оның барлығы келісімшартта жазылған. Сондықтан қаржы облыстық бюджетке түспейді", – деді ол. 

Сонымен қатар журналист брифинг барысында экология министрі де аймақта экологиялық заңбұзушылықтар барын растағанын айтып өтті. Осыған орай Нариман Төреғалиевтен әкім ретінде мәселені тезірек шешу үшін қандай шара қабылдайтынын білген. 

"Бұл халықаралық келісім болған соң, мұнда бәрі айтылған. Шартты мерзімінен бұрын бұзу немесе келісімді тоқтату туралы тек үкімет деңгейінде айтуға болады. Себебі келісімшарт бұрын жасалған. Бұл тек полигонға қатысты емес, тіпті заңды немесе жеке тұлғалар арасында жасалса да, сот аясында шешіледі. Сондықтан келісімнің қанша мерзімге жасалатыны шешіліп қойған. Келісім аяқталғанға дейін біз ештеңе істей алмаймыз", – деді әкім. 

Аймақ басшысы тұрғындардан құлаған ракета қалдықтарына байланысты шағым түссе, тиісті министрліктермен, жауапты органдармен хабарласып, Ресей тарапына мәселені жеткізетінін айтты. 

Фото:   https://vpk.name/  

Байланысты жаналықтар

БҚО-да 700 науқас тегін берілетін дәрі-дәрмексіз қалды

01.04.2025

Тергеу жүріп жатыр. БҚО-да құлаған дрон кімге тиесілі?

27.03.2025

Батыс Қазақстанда тағы да дрон құлады  

18.03.2025

Батыс Қазақстанда дрон құлады

19.02.2025

Батыс Қазақстан облысында екі баладан метапневмовирус анықталды

06.01.2025

Күн райы. Синоптиктер ескерту жасайды

02.12.2024
MalimBlocks
БҚО-да 700 науқас тегін берілетін дәрі-дәрмексіз қалды

Тергеу жүріп жатыр. БҚО-да құлаған дрон кімге тиесілі?

БҚО-ның Жәнібек ауданында белгісіз ұшқышсыз ұшу аппаратының бөлшектері табылды. Бұл іс бойынша тергеу жүріп жатыр

Батыс Қазақстанда тағы да дрон құлады  

Батыс Қазақстанда дрон құлады

Батыс Қазақстан облысында екі баладан метапневмовирус анықталды

Мамандар сақтық шараларын ұстануды сұрайды

Күн райы. Синоптиктер ескерту жасайды

Бірнеше өңірде тұман түседі