Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

ІІМ «Қазақмысты» қауіпсіздік қызметінің басшылары тонағанын мәлімдеді (ВИДЕО)

Құқық
ІІМ «Қазақмысты» қауіпсіздік қызметінің басшылары тонағанын мәлімдеді (ВИДЕО)

Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қарағанды облысы прокуратурасы бірлесіп, «Қазақмыстан» металл және тауар ұрлаумен айналысқан қылмыстық топты құрықтады, деп хабарлайды Malim.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жергілікті криминалитеттен басқа қылмыстық әрекетке кәсіпорын қызметкерлері, оның ішінде қауіпсіздік қызметінің басшылары мен қызметкерлерінің қатысы бар болуы мүмкін.

Қарағанды облысының Полиция департаментіне 20-дан астам күдікті жеткізілді. Тінту іс-шаралары барысында олардан атыс және травматикалық қару, автокөлік, қаражат және қылмыстық іс бойынша басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Тергеу мүддесі үшін өзге мәліметтер жария етілмейді, – деді ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Қылмыстық іс-әрекет салдарынан келтірілген залал анықталып жатыр.

Фото: ІІМ

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу