Ленин шахтасындағы кеншілердің өліміне кінәлілер сот залынан қамауға алынды

Төтенше жағдай 2022 жылдың қараша айында болған.

Malim Админ

  • 06.06.2024

Шахтинск қалалық соты Ленин атындағы шахтада болған апатқа  қатысты іс бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды Malim.kz.

2022 жылдың күзінде көмір зауытындағы апаттан бес кенші қаза тапты. Аталған іске қатысты тергеу бес айдан астам уақытқа созылды.

Ал сотта Ленин атындағы шахтаның төрт қызметкері: Петр Ли, Дмитрий Аблов, Талғат Баякенов және Андрей Завьяловқа қатысты үкім шықты.

Оларға Қылмыстық кодекстің 277-бабының 3-бөлігі "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан тау-кен жұмыстарын немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін бұзу" бойынша айып тағылған.

Сот айыпталушыларға Қылмыстық кодекстің 277-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танып, желдету және қауіпсіздік бөлімінің меңгерушісі  Петр Ли 5 жылға, желдету, қауіпсіздік және болжау қызметі бөлімінің бастығының көмекшісі Дмитрий Аблов 4 жылға, сондай-ақ ауысым бастығы Андрей Завьялов 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Көмекші вентиляция бөлімінің бастығы Талғата Баякенов 4 жылға сотталды, - деді судья.

Сотталғандар жазасын ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады.

Төртеуіне де үш жыл бойына тау-кен өнеркәсібінде басшылық қызметтер атқаруға тыйым салынды. Сотталғандар сот залында қамауға алынды.

Естеріңізге сала кетейік, Ленин атындағы шахтада төтенше жағдай 2022 жылдың қараша айында болған. Газ дренаждық ұңғымаларды бұрғылау кезінде метанның бақылаусыз бөлінуінен бес кенші қаза тауып, тағы төртеуі уланып, түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Фото: Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Байланысты жаналықтар

Ақтөбе облысында балаларын өлтірді деп айыпталған әйел қамауға алынды

27.03.2025

Кәсіпкерлер Айша бибі кесенесі маңындағы ғимараттарды заңсыз иемденген

27.03.2025

Әуе шоуы кезінде ұшақ апатқа ұшырады: ұшқыш қаза тапты

24.03.2025

Семейде оқушыны соққыға жыққан жасөспірімдерге қатысты үкім шықты

19.03.2025

Азаттық радиосы АҚШ ғаламдық медиа агенттігін сотқа берді

19.03.2025

Қуандық Бишімбаевтың үстінен арыз түсті

18.03.2025
MalimBlocks
Ақтөбе облысында балаларын өлтірді деп айыпталған әйел қамауға алынды

Ақтөбеде балаларын өлтірді деген күдікке ілінген әйелді қамауға алынды

Кәсіпкерлер Айша бибі кесенесі маңындағы ғимараттарды заңсыз иемденген

Кәсіпкерлерге "Ежелгі Тараз ескерткіштері" тарихи-мәдени мұражай-қорығы аумағында заңсыз иемденген ғимараттарды босату міндеттелді

Әуе шоуы кезінде ұшақ апатқа ұшырады: ұшқыш қаза тапты

22 наурызда Оңтүстік Африканың Салданья қаласында өткен Батыс жағалаудағы әуе шоуы кезінде жүздеген көрерменнің көз алдында ұшақ апат болды

Семейде оқушыны соққыға жыққан жасөспірімдерге қатысты үкім шықты

Сот шешімімен үш жасөспірім арнайы мектептерге жіберілді.

Азаттық радиосы АҚШ ғаламдық медиа агенттігін сотқа берді

Азаттық радиосы АҚШ ғаламдық медиа агенттігі мен оның лауазымды тұлғаларын сотқа берді

Қуандық Бишімбаевтың үстінен арыз түсті