Құрылыс компаниясының 100 млн теңгесін ұрлаған экономист 6 жыл арқалады

Оның бәрін әйелінің фирмасына аударып отырған

Malim Админ

  • 22.07.2024

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты аса ірі мөлшерде бірнеше рет алаяқтық жасады деп айыпталған экономистке қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Malim.kz.

Астана қаласы соты таратқан хабарламаға қарағанда, сотталушы К., ірі құрылыс компаниясында экономист бола отырып, «1С бухгалтерия» базасы арқылы контрагенттер тізіміне жұбайының атына рәсімделген фирманы қосқан. Содан соң ақша қаражатын аудару мақсатында төлем жасау үшін аталған фирмадан бухгалтерияға жарамсыз шоттар берген.

Осылайша, жұмыстарды орындамай және қызметтер көрсетпей, құрылыс компаниясының шотынан сотталушының жұбайының фирмасының шотына 2022 жылғы қаңтар-сәуір аралығында 73,3 млн-нан астам теңге ақшалай қаражат және сол жылғы мамыр-тамыз аралығында тағы 26,8 млн теңге аударылған. Сөйтіп, құрылыс компаниясына жалпы құны 100 млн теңгеден астам шығын келтірілген.

Бірақ сот барысында сотталушы кінәсін мойындамаған.

Алайда, оның кінәсі жәбірленуші өкілінің, куәгерлердің айғақтарымен, ақша аударымдары туралы мәліметтермен, заттар мен құжаттарды қарау хаттамаларымен, букмекерлік кеңсенің жауаптарымен дәлелденді, деп жазылған сот хабарламасында.

Оның кәмелетке толмаған балалары жауапкершілігі мен жазасын жеңілдететін мән-жай ретінде қарастырылған. Ауырлататын мән-жайлар анықталмаған.

Сот үкімімен К. ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айрылды. Жәбірленуші тараптың жалпы құны 100 млн теңгеден асатын азаматтық талабы қанағаттандырылды, деп жазылған ресми хабарламада.

Фото: gov.kz

Байланысты жаналықтар

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

15.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

14.05.2025

Әйгілі актер Жерар Депардье сотталды

13.05.2025

Қызылорда облысында келін енесінің үстінен сотқа арызданды

13.05.2025
MalimBlocks
Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

Әйгілі актер Жерар Депардье сотталды

Қызылорда облысында келін енесінің үстінен сотқа арызданды