Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Мбаппе мен Гризманн Париждегі Олимпиадаға неге қатыспайды

Спорт
Мбаппе мен Гризманн Париждегі Олимпиадаға неге қатыспайды

Килиан Мбаппе мен Антуан Гризманн Париж Олимпиадасына қатысатын Франция құрамасының алдын ала тізіміне енбей қалды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы Франция футбол федерациясының ресми сайты жазды.

Футболдан Франция олимпиадалық құрамасының бас бапкері Тьерри Анри командаға шақырылған 25 ойыншының есімін атаған. Бірақ олардың ішінде Антуан Гризманн мен Киллиан Мбаппе жоқ.

Тізімге енген танымал футболшылардың ішінде Александр Ляказетт («Лион»), Бредли Барколя, Уоррен Заир‑Эмери («ПСЖ»), Кастелло Люкеба («Лейпциг»), Кефрен Тюрам ("Ницца"), Майкл Олисе, Жан‑Филипп Матета (екеуі де — «Кристал Пэлас»), Матис Тель («Бавария») бар.

Тьерри Анридің сөзінше, 23 жастан асқан бір футболшыға командада орын бар. Бірақ қай ойыншы шақырылатыны әлі белгісіз.

Фото: sport24.ru

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу