Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Абай облысында 34 жастағы ер адам өз үйінде өртеніп кеткен

Оқиға
Абай облысында 34 жастағы ер адам өз үйінде өртеніп кеткен

Абай облысының Бородулиха ауданында үй өртеніп, төтеншліктер 34 жастағы ер адамның мәйітін тапты.


Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қызыл жалын 26 тамызда түнгі уақытта Бородулиха ауданындағы жер үйде шыққан.

«Өрт сөндірушілер оқиға орнына шұғыл келіп жетті. Үйді шарпыған өрт қосалқы ғимарат пен көлікке де жайылып кетті. Алдын ала дерек бойынша өртенген аумақ 400 шаршы метрді құраған», - делінген ақпаратта.

Құтқарушылар үй ішінен ер адамның мәйітін тапты. Анықталғандай, ол 34 жастағы үй иесі.

Көп ұзамай қызыл жалын толықтай ауыздықталды. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Фото: ТЖМ 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу