Кісі қолынан қаза тапқан оқушының отбасы мәлімдеме жасады

Төбелеске 15 оқушы қатысқан дейді марқұмның әпкесі

Malim Админ

  • 05.09.2024

Ақтөбе облысының Темір ауданы Кеңесту ауылында көз жұмған оқушының отбасы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады.

Бұл туралы инстаграмдағы @ayaaviss парақшасында жарияланды.

- 2 қыркүйекте түнде Қопа ауылында менің 14 жастағы інім Сыдық Нұржанды 10-11 сынып оқушылары аяусыз соққыға жығып, өлтіріп кетті. Оған жоғары сыныпта оқитын 15 бала жабылып, бір сағат бойы ұрып-соққан. Артынан сол жерге қалдырып кетті. Мұрнынан, құлағынан көп қан кеткен, маңызды органдарға соққы жасалған. Менің білуімше, інімді соққыға жыққандардың арасында Қопа орта мектебінің мұғалімдерінің балалары да бар. Олардың кейбіреуінің Темір ауданының құқыққорғау органдарында таныстары бар, - деп жазды марқұмның әпкесі Аяжан Сыдықова.

Қайғы жамылған отбасы істің әділ тергелуін сұрайды. Ресми ақпарат бойынша, қазір күдікті ретінде екі жасөспірім ғана қамауға алынған. Ал төбелеске 15 оқушы қатысқан, кінәлілер жазасыз қалмаса екен дейді марқұмның туыстары.

Нұржан Сыдық бір айдан кейін 15 жасқа толар еді. Әпкесінің айтуынша, математик маман болуды армандайтын, Астанаға оқуға түсуді жоспарлап жүрген.

Фото: @ayaaviss

Байланысты жаналықтар

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

17.05.2025

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

16.05.2025

Тәуелсіздік алғаннан бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды

15.05.2025

Ақтөбелік ішкі органдарын сатпақ болған

15.05.2025

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

13.05.2025

Биыл түлектер емтиханды қай күндері тапсырады?

11.05.2025
MalimBlocks
Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

Ата-аналар 15 адам өзін жарақаттағанын айтып отыр

Тәуелсіздік алғаннан бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды

Ақтөбелік ішкі органдарын сатпақ болған

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

Биыл түлектер емтиханды қай күндері тапсырады?