Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

БҚО-да жасөспірім жүргізген көлік аударылып қалды

Оқиға
БҚО-да жасөспірім жүргізген көлік аударылып қалды

БҚО-да жасөспірім Toyota Camry көлігін жүргізіп, аударылып қалды, деп хабарлайды Malim.kz «Мой город» басылымына сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облысының ауылында Toyota Camry автокөлігін жүргізген жасөспірім апатқа ұшырады. Полицияның мәліметінше, 16 жастағы жүргізуші көлік құралын басқарай, көлік аударылып кетті. Апат салдарынан жасөспірім жарақат алды.

Оқиға фактісі бойынша кәмелетке толмаған баланың ата-анасына ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша «кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау» бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Оларға 10 АЕК мөлшерінде айыппұл тағайындалды, бұл 36 920 теңгені құрайды.

Көлік иесі де жауапкершілікке тартылды. Ол ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы бойынша «көлік құралын басқару құқығы жоқ адамға беру» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған 50 АЕК немесе 184 600 теңге айыппұл салынады.

Фото: «Мой город»

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу