Екібастұз ТЖД басшысы сотталды

Екібастұз ТЖД басшысы сотталды

Сұлу Бөлек

  • 07.04.2025

Екібастұз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының басшысы сотталды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.  

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғамда заңдылық пен тәртіп қағидатын қамтамасыз ету, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық деректерінің жолын кесу жөніндегі жұмысты атқарып келеді. 

Кімдерге қатысты үкім шықты?

Биыл 31 наурызда Павлодар облысында Екібастұз қалалық соты Екібастұз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Д. Куконевке, оның орынбасары Ж. Маймановқа және кәсіпкер Б. Жұмашевке қатысты үкім шығарды.

Істің мән-жайы

Куконев пен Майманов Жұмашевтен өзінің кәсіпорнымен мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет көрсету шарттарын жасасқаны үшін жалпы сомасы 7,4 млн теңгені бірнеше рет пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот үкімі

Сот үкімімен Куконев 7 жыл 6 айға, Майманов пен Жұмашев әрқайсысы 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ, олар өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан айырылды.

Сонымен қатар, Куконев «азаматтық қорғаныс полковнигі», Майманов «азаматтық қорғаныс майоры» арнайы атағынан айырылды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқықбұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Фото: gov.kz

Байланысты жаналықтар

Режиссер Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізілмейді - Антикор

18.05.2025

Екібастұзда Бірінші дүниежүзілік соғыс тұтқындарының зираты табылды

18.05.2025

Министр қыз алып қашқандарды 7 жылға дейін соттауды қолдады

16.05.2025

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

14.05.2025

Вьетнамға жалған әуе билеттерін сатқан алаяқ cотталды

13.05.2025

Қазақстанда қанша генерал бар?

07.05.2025
MalimBlocks
Режиссер Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізілмейді - Антикор

Екібастұзда Бірінші дүниежүзілік соғыс тұтқындарының зираты табылды

Министр қыз алып қашқандарды 7 жылға дейін соттауды қолдады

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

Вьетнамға жалған әуе билеттерін сатқан алаяқ cотталды

Қазақстанда қанша генерал бар?