Құлаған ұшақтың аман қалған жолаушысы оқиғаның қалай болғанын баяндап берді

Ол жарылыс болғанын растаған

Мәди Саматұлы

  • 28.12.2024

Ақтау маңында болған ұшақ апатынан кейін, Баку мен Грозный арасында рейс жасаған Azerbaijan Airlines (AZAL) ұшағының жолаушысы Субхонкул Рахимов апатқа дейін болған жағдайлар мен экипаждың әрекеттері туралы айтып берді. Бұл туралы Анадолу жазды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұрынғы Тәжікстан азаматы, кейін Ресейде 24 жыл тұрып, сол жақтың азаматтығын алған Рахимов ұшақтың құлар алдында қатты дыбысын естігенін айтты. Ол ұшақтың Грозный қаласына жақын жерде болғанын нақты айта алмаған, өйткені тұман салдарынан жер көрінбеген. Дегенмен ұшақтың екінші рет қонуға дайындалып жатқанын сезген. Оны ұшақ капитанының маневрлерінен білген.

Сол дыбысы шыққан соң, оттегі маскалары түсе бастады. Ұшақ та зақымданып, қатты дірілдеп, кейін биіктікке көтерілді, бірақ ұшақтың басқарылуы нашарлады. Әуеде қолайсыз қалықтап, кейін төменгі биіктікке түсіп, ақырында теңіз көрінді, дейді ол.

«Жарылыс дыбысы ұшақтың сыртында болды ма және бұл жарылыс па?» деген сұраққа Рахимов растап жауап берген.

Оның айтуынша, сол дыбыстан кейін ұшақ басқарылуы қиындаған.

Ұшақ құлаған соң, Рахимов есін жоғалтпағанын, басын соғып, көз алдында оттың көрінгенін айтты. Бірақ көп ұзамай тыныштық орнап, ол аман қалғанына таңғалған. Бортсерік әйелдің сабырлы мінезі, адамдарды тыныштандыруы және әріптестерімен бірге жұмыс істегені ерекше таңқалдырған.

Ол медициналық көмек көрсету үшін Қазақстанға алғысын білдірген.

Айта кетейік, қайғылы оқиға 25 желтоқсан күні Ақтау маңында болған еді. 

Кейін Euronews Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақ ресейлік зымыраннан атылғанын мәлімдеді.

Фото: aa.com.tr

Байланысты жаналықтар

Ақтау көшелерінде аш жүрген жыртқыш байқалды 

06.05.2025

Алматы әуежайында ішкі рейстер кешікті

05.05.2025

Ақтауда су арнасынан өлі шаяндар табылды

04.05.2025

АҚШ Украинаға F-16 ұшақтарына арналған жаңа көмек пакетін мақұлдады

03.05.2025

Ақтауда киімін далаға ілген әйел айыппұл арқалады

29.04.2025

"Титаник" апатынан аман қалған жолаушының хаты 205 млн теңгеге сатылды

27.04.2025
MalimBlocks
Ақтау көшелерінде аш жүрген жыртқыш байқалды 

Алматы әуежайында ішкі рейстер кешікті

Рейстер орта есеппен жарты сағатқа кешіккен

Ақтауда су арнасынан өлі шаяндар табылды

АҚШ Украинаға F-16 ұшақтарына арналған жаңа көмек пакетін мақұлдады

Ақтауда киімін далаға ілген әйел айыппұл арқалады

"Титаник" апатынан аман қалған жолаушының хаты 205 млн теңгеге сатылды