Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шымкентте қызғаныштан әйелін буындырып өлтірген ер адам сотталды

Оқиға
Шымкентте қызғаныштан әйелін буындырып өлтірген ер адам сотталды

Шымкентте қызғанышқа булыққан ер адам әйелін буындырып өлтірді, деп хабарлайды Malim.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы жағдай жыл басында болған. Әйелінен күдіктенген ер адам оны ұрып-соғып, соңында тұншықтырған.

Олардың шаңырақ көтергеніне бір жыл ғана болған екен. Қылмыскер бұған дейін сотты болмаған. Сот осыны ескеріп, оны 10 жылға бас бостандығынан айырды.

Сотталушы жолдасының басқа адаммен көңілдес болып жүргенін естиді. Сол қызғаныштан ұрып-соғып өлтіреді. Қазіргі таңда ол азаматқа қатысты сот үкімі шыққан. 10 жыл бас бостандығынан айырылған. Жасы 50-дегі азамат, - деді Шымкент прокуратурасының басқарма бастығы Жандос Досанов

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу