Талғардағы төбелесте қаза болған Шерзаттың әкесі үндеу жасады

Марқұмның туыстары істің бұрмаланып, дұрыс жүргізілмей жатқанын, күдіктілердің толық қамауға алынбағанын айтты

Мадина Қайнарова

  • 08.10.2024

Талғар қаласында 16 жастағы Шерзат Болатты бір топ жігіт өлтіріп кеткен еді. Кеше ғана бауыр еті баласын жерлеген ата-анасы бүгінде істің әділ жүргізілуін талап етіп, Бас прокурордан көмек сұрауға мәжбүр болды.

Баланың туыстары істің бұрмаланып, дұрыс жүргізілмей жатқанын, күдіктілердің толық қамауға алынбағанын айтты.

Шерзаттың әкесі Бас прокурор Берік Асыловқа үндеу жасап, соттың ашық өтуін сұрады:

- Мен Бас прокурор Берік Ноғайұлына тікелей үндеу айтқым келеді. Талғардағы төбелесте қаза тапқан Шерзат Болаттың әкесімін. Талғар әкімдігі, прокуратурасы мен ішкі істер департаментінің басшысы ешқандай әрекет жасамай отыр. Қылмысты бұрмалап отыр. Менің марқұм болған баламның аты-жөнін де білмейді. Қал-жағдайымызды сұрауға да шамалары жетпей тұр. Түнде бізді тергеуге шақырып, өзімізді қорқытып, арыз жаздыртып отыр. Сізден сұрайтыным: ашық сот болуын талап етемін. Өлетін балам өлді, мені де алсын, мені де қамасын, бірақ әділ шешім үшін ашық сот болсын, - дейді Шерзаттың әкесі.

Айта кетсек, бұл қайғылы оқиға 2024 жылдың 4 қазанда Алматы облысының  Талғар қаласында болды. Марқұм Шерзаттың отбасы жалдап отырған дүкенге бір жігіт келіп, сыра алады, бірақ ақшасын төлемей, сол жерде жанжалдасып қалады. Дүкенде Шерзаттың әкесі мен оның бауыры  да болған. Әлгі жігіт бір топ досын шақырып, төбелес шығарады. Суық қарумен келген бұзақылар өрімдей жас баланы ата-анасының көзінше ұрып-соғып, өлтіріп кетті. Шерзаттың ағасын да жарақаттаған.

Алматы облысы ПД бастығының орынбасары Мәлік Қабдуалиев қылмыс жасағандар қамауға алынды деп хабарлаған еді.

Кеше Шерзаттың туыстары наразылыққа шығып, көшелерді жапты. Олар барлық күдіктілердің қамауға алынғанын талап етті. Айтуларынша, төбелеске қатысқан 13 адамның жетеуі ғана ұсталған, ал солардың араларында жүрген екі қыз іске куәгер ретінде тартылмақ.

Фото: видеодан скрин

 

Байланысты жаналықтар

Павлодар облысында ағасы мен қарындасы зорлық-зомбылыққа ұшырады

22.11.2024

Ақтауда өлтірілген ММА файтеріне қатысты сараптама қорытындысы шықты

22.11.2024

Ақтауда жас қызды аяусыз ұрған ер адам ұсталды

21.11.2024

Изолятордан қашу. Жауапсыздық танытқан 2 қызметкер жұмыстан шығарылды

21.11.2024

Астана мен Алматыда бет-әлпетті танитын бейнекамералар іске қосылды

21.11.2024

Қонаевта кортеж жасаған көліктер айып тұрағына қамалды

16.11.2024
MalimBlocks
Павлодар облысында ағасы мен қарындасы зорлық-зомбылыққа ұшырады

Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр

Ақтауда өлтірілген ММА файтеріне қатысты сараптама қорытындысы шықты

Марқұмның қанынан есірткі табылмаған

Ақтауда жас қызды аяусыз ұрған ер адам ұсталды

Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды

Изолятордан қашу. Жауапсыздық танытқан 2 қызметкер жұмыстан шығарылды

Бұдан бөлек, 12 қызметкер жазаланды

Астана мен Алматыда бет-әлпетті танитын бейнекамералар іске қосылды

Іздеуде жүрген адамдарды тануға, құқық бұзушылықтарды автоматты түрде тіркеуге мүмкіндік береді

Қонаевта кортеж жасаған көліктер айып тұрағына қамалды

Олар перзентханадан шығып, осылай тойламақшы болған