Жетісуда ер адамды «зорладың» деп бопсалайтын үш қыз ұсталды

Бопсалаушы қыздар жала жауып, 800 мың теңге сұраған

Сабина Асқарқызы

  • 18.03.2025

6 наурызда Жетісу облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 800 мың теңге көлемінде ақша бопсалау фактісі бойынша күдікті үш әйел адамды ұстады, деп хабарлайды Malim.kz.

Полиция анықтағандай, ақпан айында Б. есімді азамат "Друг Вокруг" мобильді қосымшасы арқылы А. есімді қызбен танысқан. Хат алмасу барысында А. оны өз үйіне қонаққа шақырған. Алайда ол көрсетілген мекенжайға келгенде, пәтерде тағы екі бейтаныс қыз болған. Біраз уақыттан кейін олардың бірі оған басқа бөлмеге барып оңашалану туралы ұсыныс жасаған.

Ер адам мен қыздардың бірі бөлмеге кіріп, шешіне бастаған кезде, кенеттен екі қыз ішке баса-көктеп кіріп, айқайлап, оны кәмелетке толмаған қызды зорламақ болды деп айыптаған. Алаяқтар ер адамға екі таңдау жасатқан.  Оларға 800 мың теңге береді немесе олар полицияға арыз жазады. Кепілдік ретінде оның жеке куәлігін, техникалық паспортын және жүргізуші куәлігін алып, толық соманы алғаннан кейін құжаттарын қайтаратынын айтқан.

Күдіктілердің қысымынан сескенген ер адам екі рет 50 мың теңгеден беріп үлгерген. Алайда 30 мың теңгені беру кезінде күдікті әйел адамдар құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен ұсталған. Қазіргі таңда тергеу жүргізіліп жатыр.

Полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, қылмысқа қатысы бар басқа да адамдардың бар-жоғын тексереді.
Фото: Pixabay

Байланысты жаналықтар

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

17.05.2025

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

16.05.2025

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі өтірік айтқанын мойындады

16.05.2025

Полиция туыстарына естіртпей адам жерлегені үшін айыппұл төлейтін болды

16.05.2025

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

15.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025
MalimBlocks
Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

Ата-аналар 15 адам өзін жарақаттағанын айтып отыр

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі өтірік айтқанын мойындады

Полиция туыстарына естіртпей адам жерлегені үшін айыппұл төлейтін болды

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

ШҚО-да полицейлер ақша бопсалағаны үшін сотталды

Шерзат ісі: судья ескерту жасады