Жітіқарадағы 5 баланың өлімі: 100 мыңнан астам үй тексеріліп жатыр

Өрт датчиктері орнатылып, жылу беру жүйелерін тазартылып тұрады

Malim Админ

  • 12.11.2024

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Үкімет отырысында Қостанай облысының Жітіқара қаласында болған трагедияның себептеріне тоқталды.

«Жеке тұрғын үйлерде ересектердің балаларды қараусыз қалдыруы салдарынан балалардың топтық өлімі орын алады. Осындай оқиғаның бірі Жітіқара қаласында 11 қазанда болды. Салдарынан үйде қараусыз қалған бес бала қаза тапты. Министрлік аталған фактілерді ескере келе, әлеуметтік осал топтарды өзінің ерекше бақылауында ұстауда. Бүгінде есепте тұрған 100 мыңнан астам үй бар», - деді ТЖМ басшысы.

Оның айтуынша, аталған 100 мың үйдің тұрғындарына әкімдіктер мен еріктілер бірлесіп атаулы көмек көрсетіп отыр. Өрт датчиктері орнатылып, жылу беру жүйелерін тазартылып тұрады.

«Нақтырақ айтқанда, 2021 жылдан бері 107 мыңнан астам датчик орнатылды. Олар адамды улы газдан болатын қауіп туралы алдын ала ескерту мүмкіндігін береді. Өрт датчиктерінің іске қосылған 55 жағдайы тіркеліп, соның арқасында 248 адамның өмірі аман қалды», - деді Шыңғыс Әрінов.   

Фото: Үкімет  

Байланысты жаналықтар

12 жасқа дейінгі балаларды үйде жалғыз қалдыруға тыйым салынуы мүмкін

02.12.2024

Астанада үшқабатты жатақхананың бөлмелері өртенді

01.12.2024

Түркістан облысында шипажайда өрт шықты

01.12.2024

Елордада өрттен 3 адам зардап шекті

30.11.2024

Әйелі мен 2 баласын өртеп жіберген атыраулық өмір бойы түрмеде отырады

29.11.2024

БҚО-да жиналған шөп өртеніп, 14 бас мал қырылды

28.11.2024
MalimBlocks
12 жасқа дейінгі балаларды үйде жалғыз қалдыруға тыйым салынуы мүмкін

Балалар омбудсменінің ұсынысына себеп болған оқиға - қайғылы өрт оқиғалары

Астанада үшқабатты жатақхананың бөлмелері өртенді

ТЖД жылыту пункттерін ашты

Түркістан облысында шипажайда өрт шықты

Адамдар зардап шекпеген

Елордада өрттен 3 адам зардап шекті

Өрт жанармай багының жарылуынан шыққан

Әйелі мен 2 баласын өртеп жіберген атыраулық өмір бойы түрмеде отырады

Пәтерде жәбірленушінің екі баласы мен танысы ұйықтап жатқанын біле тұра, бензин шашып, үйді өртеген

БҚО-да жиналған шөп өртеніп, 14 бас мал қырылды

37 тонна шөп жанып кете жаздады