freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Оңтүстік Кореяның экс-президенті өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Әлем
Оңтүстік Кореяның экс-президенті өмір бойына бас бостандығынан айырылды
ФОТО: © Yonhap News

Сеул соты Юн Сок Ёльді 2024 жылғы желтоқсанда әскери жағдай енгізу кезінде бүлік шығарғаны және конституциялық құрылымды бұзғаны үшін кінәлі деп таныды. Бұрынғы президент үкімге шағым түсіре алады. Айыптау тарапы оған өлім жазасын кесуді талап еткен болатын.

Бұған дейін Юн бес жылға бас бостандығынан айырылған еді. Сонымен қатар, қаңтар айында елдің экс-премьері Хан Док Су 23 жылға түрмеге кесілді — сот үкіметтің бұрынғы басшысы сол кездегі президенттің әрекеттеріне заңдылық сипат беруге тырысып, бұл істе «шешуші рөл атқарды» деп есептеді.

2024 жылғы желтоқсанда бюджет төңірегіндегі дау-дамай аясында Юн Сок Ёль кенеттен елде әскери жағдай жариялап, бұл қадамын оппозицияның «мемлекетке қарсы әрекетімен» негіздеген болатын. Алайда келесі күні таңертең мемлекет басшысы оның күшін жоюға мәжбүр болды, кейіннен депутаттар оған импичмент жариялады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу