Арғын Нығматулин Қазақстаннан кетіп қалған

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Дархан Құрақбаев Арғын Нығматулиннің тергеу басталғанға дейін Қазақстаннан кетіп қалғанын мәлімдеді

Сұлу Бөлек

  • 20.03.2025

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Дархан Құрақбаев Арғын Нығматулиннің тергеу басталғанға дейін Қазақстаннан кетіп қалғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Құрақбаев Сенат отырысының кулуарында айтты.

"Антикор Нығматулинге қатысты тергеу жүргізіп жатқан жоқ. Басқа мемлекеттік орган тергеп жатыр, пікір бере алмаймыз. Біз тек осы іс бойынша іздестіру шараларын жүргізіп жатырмыз", – деді Құрақбаев.

Сенат кулуарында журналистер Антикор басшысының орынбасарынан Арғын Нығматулиннің қайда екенін анықтау мүмкін болды ма деп сұрады.

"Оның Қазақстанда жоқ екенін білеміз: тергеу басталғанға дейін кетіп қалған. Ол Қазақстанда емес. Қазір оны іздеу және қайтару бойынша шаралар жүргізіліп жатыр. Іздеу барлық елде жүргізіледі – ол мемлекетаралық іздеуге жарияланды", – деп түйіндеді Дархан Құрақбаев.

Еске салайық, бұған дейін Бас прокуратура Арғын Нығматулин мен басқа да тұлғаларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы ("Өзіне сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету") бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлаған болатын. Сот Нығматулинге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялап, оны іздеуге жариялады.

Фото: Alash.kz

Байланысты жаналықтар

Режиссер Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізілмейді - Антикор

18.05.2025

Қазақстанда қанша генерал бар?

07.05.2025

Қазақстан 1,13 трлн теңге заңсыз шығарылған актив пен қаржыны қайтарды

30.04.2025

Алаяқтар өзін Антикор төрағасы деп таныстырып, жұртты алдаған

30.04.2025

Тоқаев Антикор басшысына бірқатар тапсырма берді

10.04.2025

Екібастұз ТЖД басшысы сотталды

07.04.2025
MalimBlocks
Режиссер Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізілмейді - Антикор

Қазақстанда қанша генерал бар?

Қазақстан 1,13 трлн теңге заңсыз шығарылған актив пен қаржыны қайтарды

Алаяқтар өзін Антикор төрағасы деп таныстырып, жұртты алдаған

Тоқаев Антикор басшысына бірқатар тапсырма берді

Екібастұз ТЖД басшысы сотталды

Екібастұз ТЖД басшысы сотталды