Киберполиция "мемлекеттік грант алып беремін" деп алдаған алаяқты ұстады

Арман Қайыпхан

  • 14.04.2025

Алматы облысында киберполицейлер мемлекеттік грант алуға көмек көрсетемін деген сылтаумен азаматтарды WhatsApp мессенджері арқылы алдап келген әйелдің заңсыз әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды Malim.kz.

"Жедел-іздестіру шаралары барысында Еңбекшіқазақ ауданында жергілікті тұрғын ұсталды. Тергеу барысында ол азаматтарды алдап, 5 миллион теңгеден астам қаражатты иемденгені анықталды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу аясында оның заңсыз әрекеттерінің 10-нан астам эпизоды тіркелді", – деп хабарлады киберполицейлер.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Күдікті барлық қажетті тергеу шарасын жүргізу үшін полиция бөлімшесіне жеткізілді.

Полиция азаматтарды сақ болуға шақырады. Мемлекеттік органдардың атынан қаржылық көмек туралы күмәнді ұсыныстарға, әсіресе мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы таратылатын хабарламаларға сенбеуге кеңес береді.

Фото: polisia.kz

Байланысты жаналықтар

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

17.05.2025

Полиция туыстарына естіртпей адам жерлегені үшін айыппұл төлейтін болды

16.05.2025

Алаяқ Free Fire аккаунтын сатамын деп оқушыдан 2 млн теңге алған

16.05.2025

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

15.05.2025

“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

14.05.2025

Интернет алаяқтық: елордалықтар 1 млрд теңгесінен айырылды

13.05.2025
MalimBlocks
Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

Полиция туыстарына естіртпей адам жерлегені үшін айыппұл төлейтін болды

Алаяқ Free Fire аккаунтын сатамын деп оқушыдан 2 млн теңге алған

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

ШҚО-да полицейлер ақша бопсалағаны үшін сотталды

“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

Интернет алаяқтық: елордалықтар 1 млрд теңгесінен айырылды

3 қылмыстық топ әшкереленді