Ресейдің жаңа Қорғаныс министрі Алматыға келді

Генерал-полковник Руслан Жақсылықов Андрей Белоусовты Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтады

Арман Қайыпхан

  • 30.05.2024

Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысына келген ресейлік әріптесімен кездесті, деп хабарлайды Malim.kz.

Генерал-полковник Руслан Жақсылықов Андрей Белоусовты Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтады.

Тараптар екіжақты әскери ынтымақтастықтың өзекті аспектілерін талқылап, кадр дайындау және Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарты ұйымы шеңберіндегі оқу-жаттығуларды қоса алғанда, бірлескен іс-шараларды өткізу мәселелерін қозғады.

Сондай-ақ, өңірлік ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл туралы да сөз болды.

2024 жылы Қазақстан ҰҚШҰ мен ШЫҰ-ға, ал Ресей ТМД-ға төрағалық етеді.

Тараптар мемлекетаралық бірлестіктердегі ынтымақтастық өңірлік қауіпсіздікті нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.

Оның практикалық тұрғыда іске асырылуы көпжақты оқу-жаттығулар шеңберінде де жүзеге асырылады.

Генерал-полковник Руслан Жақсылықов ресейлік әріптесін биылғы жылдың шілде айында Қазақстанның батысында «Бірлестік» оқу-жаттығуы өтетінінен хабардар етті.

Бірлескен іс-қимылдардың жоспарына сәйкес Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан әскери контингенттері қарулы қақтығыстарды оқшаулауға және заңсыз құралымдарға қарсы іс-қимылға байланысты оқу-жауынгерлік міндеттерді бірлесіп пысықтайды.

Кездесу қорытындысы бойынша қорғаныс ведомстволарының басшылары көпжоспарлы өзара іс-қимылды жалғастыруға уағдаласты.

Фото: gov.kz

Байланысты жаналықтар

Ресей Украинаға 200-ден аса дронмен шабуыл жасады

18.05.2025

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

16.05.2025

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

16.05.2025

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

16.05.2025

"Ресей климат қаруын іске қосты". "Жаңбыр адам" елдегі қуаңшылықтың себебін түсіндірді

16.05.2025
MalimBlocks
Ресей Украинаға 200-ден аса дронмен шабуыл жасады

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

"Ресей климат қаруын іске қосты". "Жаңбыр адам" елдегі қуаңшылықтың себебін түсіндірді