Су тасқыны: Атырау облысы аудандарының тұрғындары пойызбен эвакуацияланып жатыр

Атыраудан Құлсарыға қарсы бағытта пойыз сағат 19:00-де жолға шығады.

Malim Админ

  • 05.04.2024

«Қазақстан темір жолы» АҚ теміржолдың барлық бөлімшелері күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшкенін мәлім етті, деп хабарлайды Malim.kz.

Атырау облысының су басқан аймағынан тегін тасымалдау ұйымдастырылғаны белгілі болды.

Су тасқынына байланысты Құлсары-Доссор жолында көлік қозғалысы тоқтатылды. Азаматтарды шығару үшін арнайы пойыз бағыты ұйымдастырылды, - деп хабарлады ҚТЖ.

Бүгін таңертең Құлсары станциясынан Атырауға 5 вагоны бар пойыз жолға шықты. Атыраудан Құлсарыға қарама-қарсы бағытта пойыз сағат 19:00-де жолға шығады. Шоқпартоғай және Мақат станцияларында аялдамалар жоспарланған.

Жолаушылар үшін жол жүру тегін болады.

Темір жолдың барлық бөлімшелері күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді. Айналма жолдар жүргізілуде, су жиналатын орындар анықталып, жол төсеніштерінің, көпірлердің, су өткізгіш құбырлардың, дренаждық құдықтардың және т.б. жағдайын қадағалау шаралары күшейтілуде. Пойыз қозғалысына қауіп төндіретін суды ағызу шаралары жүргізіліп жатыр.

Эрозияға қарсы 45 пойыз қажетті құрал-жабдықтармен және материалдармен жабдықталған, - делінген хабарламада.

Еске салайық, биылғы тасқын Қазақстанның бірнеше өңірінде болып, жылдағыдан қарағанда күрделі жағдай туғызды. Әуелі Көкшетаудағы Қылшақты өзені арнасынан асып, 16 жеке үй, 29 жеке аула аумағы және 12 көпқабатты тұрғын үй ауласы, сондай-ақ "Еркөстік"балабақшасының 1-қабатына су жайылған.

25 наурызда Көкшетау қаласындағы № 22 орта мектеп ғимаратын еріген су басып қалды.

Ақтөбедегі Сазды өзені арнасынан асты.

Бас прокуратура Қазақстандағы су тасқынының салдары туралы мәлімдеме жасады. Ең күрделі жағдай Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Абай және Ұлытау облыстарында байқалатынын хабарлады.

Еске салсақ, кеше Жылыой ауданында тасқынға байланысты төтенше жағдай жарияланған еді.

Фото: atr.kz

Байланысты жаналықтар

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

14.05.2025

Атырау облысында оқушылар екі жасөспірімді қатыгездікпен ұрып-соққан

12.05.2025

Қостанай станциясында пойыз бен көлік соқтығысты

10.05.2025

Алматы облысында теміржол бойына мәйітті тастап кеткен күдікті ұсталды

08.05.2025

Қарағанды облысындағы 5 су қоймасы 100% толды

07.05.2025

Жайыққа батқан жасөспірім үш күннен бері табылмай жатыр

06.05.2025
MalimBlocks
Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

Атырау облысында оқушылар екі жасөспірімді қатыгездікпен ұрып-соққан

Қостанай станциясында пойыз бен көлік соқтығысты

Алматы облысында теміржол бойына мәйітті тастап кеткен күдікті ұсталды

Қарағанды облысындағы 5 су қоймасы 100% толды

Жайыққа батқан жасөспірім үш күннен бері табылмай жатыр