Уақыт белдеуіне қатысты сауалнама eGov қосымшасынан не себепті алынды? Министрдің жауабы

Сауалнама белгілі бір уақытқа ғана есептелген

Malim Админ

  • 26.11.2024

Үкіметтегі брифингте цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтен eGov mobile қосымшасында уақыт белдеуіне қатысты сауалнама не себепті өшірілгені туралы сұрақ қойылды. 


Мәдиевтің айтуынша, электронды үкімет қосымшасында мұндай сауалнаманы жариялау туралы тапсырысты Ғылым және жоғары білім министрлігі берген. "Олар уақыт белдеуінің өзгеруін халық қалай қабылдағанын, оның күн тәртібіне әсерін анықтағысы келген.

Министрліктегілер 200 мың адам сауалнамаға жауап берген уақытта нәтижені сараптауға дайын екенін ескерткен. Сол себепті 200 мың респонденттің жауабы алынған соң, сауалнама жабылды. Нәтижесі Ғылым және жоғары білім министрлігіне берілді. Оның қорытындысын солардан сұрай аласыз", - деп мәлімдеді Мәдиев.

Оның айтуынша, сағат ауысуына қатысты сауалнама – "иә" және "жоқ" деп дауыс беру емес, ғылыми мақсаттағы зерттеу. "Дауыс беру емес, зерттеу. Сауалнама белгілі бір уақытқа ғана есептелген. Зерттеу мақсатында ғана", - деді министр.

Тағы оқыңыз: Уақыт белдеуін өзгертуге қатысты сауалнама eGov қосымшасынан алынып тасталған 

Еске салсақ, 21 қарашада eGov mobile қосымшасында уақыт белдеуіне қатысты сауалнама жарияланған, алайда ол 25 қарашада өшірілген. Биыл 1 наурыздан бастап Қазақстанның бүкіл аумағы бірыңғай UTC+5 уақыт белдеуіне көшті. Қазақстандықтардың дені өзгерісті сынады. 7 маусымда осы мәселеге қатысты петицияға 50 мың адам қол қойды. 

Фото:  ortcom.kz  

Байланысты жаналықтар

Халықтың төрттен бірі ғана елдегі үй сатып алу мүмкіндігіне қанағаттанады – сауалнама

28.01.2025

Уақыт белдеуін өзгертуге қатысты сауалнама eGov қосымшасынан алынып тасталған

25.11.2024

АҚШ-тағы сайлау: сауалнама нәтижесінде тең түсті

09.09.2024

Тасқыннан зардап шеккендер Egov mobile қосымшасымен өтініш бере алады

04.05.2024

Сауалнама: Гүл - таңдаулы сыйлық арасында тек 5-орында

06.03.2024

Сауалнама: Алматы әкімдігіне жұрттың көңілі толмайды

26.05.2021
MalimBlocks
Халықтың төрттен бірі ғана елдегі үй сатып алу мүмкіндігіне қанағаттанады – сауалнама

Статистикада бұл қайта көбейгені саналады

Уақыт белдеуін өзгертуге қатысты сауалнама eGov қосымшасынан алынып тасталған

Жауапты мекеме өкілдері пікір білдіруден бас тартқан

АҚШ-тағы сайлау: сауалнама нәтижесінде тең түсті

Бұл сайлауда үміткерлердің кез келгені жеңіске жетуі мүмкін екенін білдіреді

Тасқыннан зардап шеккендер Egov mobile қосымшасымен өтініш бере алады

Сізге уақытша баспана қажет пе, жоқ па, соны көрсету керек

Сауалнама: Гүл - таңдаулы сыйлық арасында тек 5-орында

Сауалнама: Алматы әкімдігіне жұрттың көңілі толмайды

«Стратегия» қоғамдық қоры әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы өз қаражатына алматылық тұрғындар арасында сауалнама жүргізіпті.